Балалар

9 желтоқсан- Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні

Еңбекпен тапқан нан тәтті ” тек маңдай термен алған білім мен жинаған қаржы ғана жетістікке жетуге көмектеседі. Осыны кейінгі толқын түсінуі керек. Қолдарына ақ қолғап, үстілеріне арнайы киім киген студенттер, би арқылы пара алуға деген өз көзқарастарын білдіруде.

Данияр Әбутәліп- Жастар бастамалары орталығының директоры

– Оның мақсаты жастардың бұл іске деген көзқарасын өзгерту. Сондықтан әрбір адам өзінен бастауы қажет.

Кейін жастар форумы залда жалғасты. Мұнда құқық қорғау органдарының өкілдері жастарға заңдарды түсіндіріп, бармақ басты көз қыстылыққа жол берудің арты соқпақты болатындығын айтты. Парақорлық, бюджет қаржысын жымқыру мен заңсыз жолмен табылған табыстарды кәдеге асыру қылмыс болып саналады. Сондықтан оны ұғыну барлық азаматтардың міндеті дейді форумға қатысқан 2 курс студенті -Айман Еркісқызы. Ол бұл дертпен күресуді кішкентай кезден бастау қажет деген пікірде.

Айман Еркісқызы- М. Қозыбаев атындағы СҚМУ студенті

– Кішкентай кезінен бастап түсіндіру керек. Кейін ол білім ошағына барғанда, мемлекеттік қызметке кіріскенде ондай әркеттерге бармайды.

Кездесу соңында жиналғандарға әлеуметтік роликтер көрсетілді.

Магжан Ахмадина.