Мәдениет

Петропавлда ең беделді бандонеонист Александр Митинев өз өнерін паш етті

Александр Митенев – бандонеонист

– Петропавл қаласына келгеніме қуаныштымын. Бүгін солтүстікқазақстандық көрермендер үшін Аргентин тангосы, Жорж Бизе операсынан алынған ариялардың әуендері орындалды.

Александр Митиневтің камералық музыка концерті жергілікті облыстық филармонияның симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен өтті.

Ал, мына әуен “Tango questa” деп аталады. Бұл музыканы француз композиторы Ричард Гальяно жазған.

Концерт теріскейлік көрермендердің шын көңілінен шықты.

– Концерт тамаша өтті. Өзіме танго музыкасы өте ұнайды.

– Концерт жақсы әсер қалдырды. Осындай шаралар қаламызда жиірек болса екен.

Сагыныш Маркашева.