Аптадағы маңызды жаңалықтар

6 желтоқсанда облыс әкімі Ерік Сұлтанов Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметінде отандық БАҚ алдында тікелей эфирде есеп берді

Ерік Сұлтанов- СҚО әкімі

– Бүгінгі таңда мал шаруашылығын дамыту бойынша нақты міндеттер алға қойылған. Президентіміздің тапсырамасын орындау мақсатында биылғы жылы шаруашылықтар 18,7 мыңнан астам ірі қара малдың аналығын сатып алды. Мал басының саны 4,6 пайызға артты. Биылғы жылы 1400 басқа асыл тұқымды репродуктор, 1,8 мың басқа 5 бордақылау алаңы құрылды. Ұсақ қара малдың басы 14 пайызға, 7 пайызға жылқы, құстар 9 пайызға артты. Мал шаруашылығында тек шикізат өндірісінде ғана емес, қайта өңдеуде де үлкен перспективалар бар.

Ерік Сұлтанов облысымыздағы өнеркәсіп, бизнес, жол құрылысы, баспанамен қамту, тұрғын үй -коммуналдық шаруашылығы және әлеуметтік салалардың даму қарқыны жайында баяндады. Қазіргі таңда аймақта “Ақ бұлақ” бағдарламасы жақсы деңгейде жүзеге асырылуда. Мемлекеттік бағдарлама аясында сапалы ауыз сумен 37 елді мекен қамтылмақ. Солтүстікқазақстандықтарды баспанамен қамтамасыз ету жұмысымыздың басым бағыттарының бірі деді Ерік Сұлтанов.

Ерік Сұлтанов- СҚО әкімі

– Биылғы жылы 81 мыңнан астам шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. 5 көпқабатты үйді (388 пәтер) жылдың соңына дейін тапсырамыз. Бірақ та, қазіргі тұрғын үй құрылысын салу қарқыны тұрғындарды баспанамен толықтай қамту үшін жеткіліксіз. Осыған байланысты келесі жылдан бастап біз тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарын арттыруға ниеттіміз.

Мұнымен қоса, теріскейде “Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020” жобасы да нәтижелі орындалып жатыр. 2014 жылы оған 5 мыңнан аса адам қатысыпты. Бағдарлама жұмыссыздықты республикалық көрсеткішпен теңестіріп, екі қолға бір күрек таппай жүргендердің санын 4,9 пайызға азайтуға септескен. Облыс әкімі Ерік Сұлтановтың баяндамасынан соң, журналистер қауымы өңір жетекшісіне өз сауалдарын жолдады. Өлкеміз ежелден астықты аймақ болып саналатындықтан, БАҚ өкілдерін биылғы егін орағының нәтижесі қызықтырды.

Ерік Сұлтанов- СҚО әкімі

 

– Біз 97,2 пайыз деп есепті бердік. Ал қар астында қалғаны 93 мың га. 93 мың гектарды 15 центнерден санайтын болсақ, 144 мың тонна. Тоннаның бағасын білеміз қанша екенін. Оны 5-ші класс деп санағанның өзінде. 30 мыңнан 550 млн қар астында қалды деп айтуға болады. Бірақ қазір жылқылардан оларды қорғау жұмыстары жүргізілуде. Көктемде оларды жинап аламыз.

Сонымен қатар, төртінші билік өкілдерін жуырда Петропавлда өткен инвесторлар форумының нәтижесі қызықтырды.

Ерік Сұлтанов- СҚО әкімі

– Ол 50 млрд ішінде компаниялар өзара әріптестікке қол қойды. Міндетті түрде орындалады. Ең үлкен ол 20 млрд-ң маңайында. Ресейдің Эфко деген компаниясымен жасалды. Олар Тайынша ауданында майлы дақылдарды өңдейтін зауыт салады. Ол 2016 жылы іске қосылады деп ойлаймыз.жалпы барлық келісімшарттар жүзеге асырылатынына сенемін.

Өңірдегі сүт қабылдау нысандарының жұмысы қалай жүргізіліп жатқандығы да журналистер назарынан тыс қалмады.

Ерік Сұлтанов- СҚО әкімі

 

– Биыл 495 ауылдан сүт жиналған. Қазір солардың санын 600-ге жеткізу жоспарда бар. Ол үшін қосымша сүт жинау пунктері қойылып, көліктер алынып жатыр. Сүтті қанша жинаса да кәсіпорындар жетеді. Мысалы біз «Молпродукт» деген серіктестік бар. Ол күніне 500 тонна өндіре алады. Ал қазір тек 250 тонна ғана өңдеуде. Сондықтан шикізат болса, өнім жасайтын кәсіпорын.

Жалпы СҚО әкіміне сұрақ жолдауға 30-ға тарта журналист келген. Жиын соңында брифингке қатысушылар кездесудің қызықты, әрі мол ақапаратты қамтығандығын атап өтті.

Магжан Ахмадина.