Спорт

Журналистер мен қалалық әкімдік өкілдері волейболдан бақ сынады

Волейбол алаңындағы тартыс басталып та кетті. Допты ойынға қосқан қалалық әкімдік өкілдері бірден өздерінің жақсы дайындықпен келгендерін көрсетті. Қатарымен бірнеше ұпай жинаған олар бірден суырылып алға шығып, бірінші кезеңде жеңіске жетті.

Марат Тасмағанбетов- Петропавл қаласының әкімі

– Волейболдан өтіп жатқан бұл жолдастық кездесу біздер үшін алғашқы спорт түрі болып отыр. Болашақта тағы бірнеше спорт түрі қамтылмақ. Алаңда қызу тартыс. БАҚ өкілдері жақсы дайындықпен келген. Жалпы бүгіндері қалада, облыста салауатты өмір салтын насихаттау үшін жақсы жұмыстар атқарылып жатыр. Соған журналистер мен әкімдік өкілдері де өз үлестерін қосып жатқандығы әрине қуантады.

Бірінші партияда есе жіберіп алған журналистер қауымы, кездесудің екінші кезеңінде намысқа тырысып, жақсы ойын өрнегін көрсете білді. Допты ойынға қосқанда да, ұпай жинау кезінде де сауатты ойнаған әріптестеріміз екінші партияны өз пайдаларына шешті.

3 кезеңге жалғасқан ойын қортындысында қалалық әкімдік өкілдері жеңіске жетті.

Ербахыт Амантай- Қазақ радиосының меншікті тілшісі

– Жеңілдік деп біз қайғырып отырғанымыз жоқ. Келесі ойындарда біз жақсы дайындалып, жеңіске жетуге тырысамыз.

Ойын қортындысы бойынша командаларға кубоктар мен диплолмдар табысталды. Айта кету керек, алдағы уақытта мұндай кездесулер өзге спорт түрлері бойынша жалғасын таппақ.

Магжан Ахмадина.