Құқық қорғау органдары

СҚО ІІД бастығы тұрғындарды қабылдады

Татьяна Страхова – Петропавл қаласының тұрғыны.

– Менің бұл мәселені шеше алмай жүргеніме 5 жыл уақыт болды. Жолдасым көзі тірі кезінде үлкен көлемде несие алып, пәтерді кепілдікке қойған екен. Бірақ мен оны білмедім. Кейін сот орындаушылары заңсыз әрекетке барып, ешкімнің рұқсатынсыз, баспананы сатып жіберген. Алайда пәтер менің атымда болды. Олар заң бойынша мұндай қадамға бара алмайды. Оның үстіне ішіндегі барлық жиһаздарды да саудаға шығарған. Сотқа арыздандым, бұрынғы қаржы полейцейіне бардым. Еш нәтиже жоқ.

Татьянаның бұл мәселені арқалап бармаған жері, баспаған тауы қалмаған екен. Осы проблеманың анық – қанығына ол қалай да болса жетсем дейді. Азаматшаның мұң – мұқтажын тыңдаған департамент бастығы Берік Біләлов бұл сұраққа байланысты, тергеу жұмыстары жүргізілетіндігін жеткізді.

Берік Біләлов – СҚО ІІД бастығы.

– Материалды қайта қарастыру қажет. Сіз менің атыма арыз жазыңыз. Содан соң әріптестерім айналысатын болады. Бірақ мәселенің ақ – қарасына жету үшін біраз уақыт қажет.

Ал Хайдар Кашенов Ішкі істер департаментінің ардагері. Зейнет жасына шықса да қария спортпен шұғылдануды өзіне серік еткен. Өкінішке орай полиция қызметкерлері осы күнге дейін дайындалып келген «Динамо» стадионының жұмысы қазір тоқтап тұр.

Хайдар Кашенов – ІІД ардагері.

–  Біздің қызметкерлер қазір 66/37 әскери бөлімінің спортзалында спортпен шұғылданып жүр. Онда баратын азаматтардың қарасы қалың. Сондықтан өзіміздің «Динамо» стадионы тезірек жөндлсе деген тілегіміз бар.

Берік Біләлов – СҚО ІІД бастығы.

– Облыс әкімінің қолдауымен келер жылы мұнда күрделі жөндеу жұмыстары басталады. Сондықтан мәселе болашақта шешіледі деп сендіргім келеді.

Жалпы жыл басынан бері Ішкі істер департаменті бастығы мен оның орынбасарларының жеке қабылдауында 260-қа жуық азамат болған. Ал бұл жолғы «Нұр Отан» партиясы филилалында өткен қабылдауға барлығы 6 адам келді. Облыстық бас полейцейі олардың барлығын мәселелері тыңдап, назарсыз қалмайтындығын жеткізді.

Джакупов Самат.