Қоғам

Облыс орталығында ТКШ жаңғырту бағдарламасы оңтайлы түрде жүзеге асуда

Аталған бағдарлама шеңберінде Петропавл қаласында жыл сайын 40-тан астам көпқабатты тұрғын үй күрделі жөндеуден өтеді. Уақыт өткен сайын жобаға қатыссам деген азаматтардың қатары артуда. Себебі соңғы кезде халықтың бұл бағдарламаның тиімді екеніне көзі жетті.

Сергей Худяков – СҚО ПИК қауымдастығының төрағасы.

– Биыл 45 көпқабатты тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 777 миллион теңге бөлінді. Қазіргі таңда 17 үйде жұмыстар толығымен аяқталды. Яғни бөлінген қаржының 406 миллион теңгесі тиісті мақсатқа игерілді. Қалған бірнеше үй жыл аяғына дейін дайын болады. Шаруалар кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр.

Статистикаға сүйенсек, бүгінгі күні Петропавлда 250-ден астам тұрғын үй күрделі жөндеуді талап етеді. Бұл көпқабатты үйлердің 35 пайызын құрап отыр. Бағдарлама бойынша биыл баспаналардың басым бөлігінің шатыры алмастырылды. Сондай-ақ 16 жедел сатымен, 12 подъезд жаңа кейіпке енді. Мұнымен қоса 14 үйдің алды жөнделді.

Сергей Худяков – СҚО ПИК қауымдастығының төрағасы.

– Елбасы кезекті жолдауында осы бағдарламаға көп көңіл бөліп, оған жаңа серпін берді. Нәтижесінде бұл салаға бөлінетін қаржы да бірнеше есеге артып отыр. Мұның барлығы қарапайым халық үшін атқарылып жатқан игі шаралар екені даусыз.

Әрине бағдарлама жүзеге асқалы бері облыс орталығында бірталай істің басы қайырылды. Айта кетеу керек жоба 2020 жылға дейін жалғасатын болады. Бұл уақытқа дейін Петропавлда тозығы жеткен үйлердің барлығы қайта жаңғыртылады деп жоспарланып отыр.

Джакупов Самат.