Әр түрлі

Магнитті дауыл

Андрей Солодовник – М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың физика кафедрасының доценті

– Бұл – қауесет. Жерді қараңғылық басады деген – қиялыйлық. Бірақ, магнитті дауыл жуық арада болуы ықтимал. Ғылым дамыған уақытта мұндай қателікке жол беру дұрыс емес.

Бұған дейін ғалымдар магнитті дауыл 2012-2013 жылдары болады деп болжаған еді. Бірақ, бұл растталмады.

–  Енді, магнитті дауыл 2014 жылы болады деп күтілуде. Қазір күннің бетінде қара дақтар пайда болуда. Оны сәулелі белсенділік кешені деп атайды. Осы объектілер күннің орталығын айналып өтетін болса, жерде кенет күн энергиясы яғни, күннің жарқырауы болады.

Күн дауылының қашан қай уақытта болуын әлі мамандардың өзі де білмейтіндерін айтады. Егер магнитті дауыл орын ала қалса, ол ең алдымен сезімтал адамдардың денсаулығына әсер ететін көрінеді. Қан қысымы көтеріліп, бас ауырады.

Дей тұрғанмен, магнитті дауыл салдарынан 69 жылдары жерді қараңғылық басқан. Бұл АҚШ пен Канадада орын алыпты.