Қоғам

«Бизнес өрлеу» байқауында жерлесіміз ұсынған жоба 2-ші орыннан көрінді

Регина Махметова- Солтүстік Қазақстан мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері

– Жалпы эмбриондарды іріктеу жұмысы 15 күнге жалғасады.7 күн тек донор сиырлар мен ұрықты орналастыратын ірі қараны таңдауға кетеді. Кейін зеңгі баба тұқымдары дайындалады. Жалпы бір сиырдан 5-7 эмбрион алынады. Ұрық орналастырылғаннан кейін оны кәдімгідей 9 ай көтереді. Туылған бұзаулар ортаға тез бейімделеді. Еш айырмашылық болмайды.

Маманның бұл жобасы кәсіпкерлер палатасы өткізген «Бизнес өрлеу» республикалық байқауында 2-ші орынға қол жеткізген. Ұсынылған 31 жобаның арасында Регина Махметова өз жұмысының маңызды әрі, қажетті екендігін дәлелдей білген. Жүлде қоры- 2,7 млн теңге.

Регина Махметова- Солтүстік Қазақстан мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері

– Бұл менің ғылыми жұмысым боды. Мен онымен 7 жыл қатарынан айналыстым. Кейін оны коммерциялық жоба етіп жасадым. Тұқым трансплантациясы жобасы өте пайдалы. Өйткені қазір мал шаруашылығын дамыту қажет. Ал жасанды ұрықұтандыру арқылы бір ғана бұзау емес, 2-3 төл алуға болады. Байқау нәтижесінде алған жүлде қорын мен осы істі әрі қарай дамытуға жұмсамақпын.

Жалпы байқауға елімізден 236 жоба ұсынылапты. Солардың 17-сі солтүстікқазақстандықтардың жұмысы. Айта кету керек, тағы бір жерлесіміздің апарған жобасы қазылар алқасының көңілінен шаққан.

Евгений Мамыкин- СҚО кәсіпкерлер палатасы бөлімінің басшысы

– Тағы бір жобаны Жамбыл ауданының азаматы- Амангелді Илюкин ұсынды. Ол жыл бойы көкөніс өсіруге бағытталған. Өңіріміз үшін өзекті болып табылады. Жобаны серіктестер қаржыландыруға ұсыныс жасады.

Жоба бойынша жұмыстар ендігі жылдың көктем айынан басталмақ. Қазір тың әдіске қызыққан фермерлерден ұсыныстар да түсіп жатыр. Ең бастысы аталмыш жоба шетелден мал әкеліп, машақаттанатын шаруашылықтарға тиімді болмақ. Өйткені эмбриондар трансплантациясы 55 мың теңге көлемінде ғана тұрады. Бұл мұхиттың әр жағынан асыл тұқамды мал әкелгенен әлде қайда арзан.

Магжан Ахмадина.