Көлік және жолдар

Келер жылы өңірде 700- шақырымға жуық жолға жөндеу жұмыстары жүргізілмек

Нұрсұлтан Назарбаев – Қазақстан Республикасының Президенті

– Көлік – логистикалық инфроқұрылымдарды дамыту. Ол өңірлердегі хаттар қағидаты бойынша қалыптастыру аясында жүзеге асырылатын болады. Оның үстіне, инфроқұрылымдық қаңқа Астанамен және макроөңірлерді магистральді автомобиль, теміржол және әуе жолдарымен шұғыла қағидаты бойынша өзара байланыстырылады. Бірінші кезекте, негізгі автожолдар жобасын жүзеге асыру қажет.

Ғалым Тасболатов – СҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бөлім басшысы.

– Жоспар бойынша келесі жұмыстар атқарылатын болады. Ол Покровка – Корнеевка -Горное. Горное – Лавровка- Антоновка. Арықбалық – Саумалкөл. Қызылжар ауданында Борки – Ташкентка – Долматова. Уәлихан ауданында Кішкенекөл – Морттық – Қаратерек.

Осылайша өңірде 2015 жылы 700 шақырымға жуық жергілікті жол жөндеуден өтпек. Оған жеті миллард тегеге жуық қаражат жұмсалады. Оның 1,5 миллиарды ел қазыназынан, қалғаны облыстық бюджеттен бөлінеді.

Ғалым Тасболатов – СҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бөлім басшысы.

– Елбасы өз жолдауында «Елдің өркенін білгің келсе, жолына қара»деген қағида қалыптасқанын айтқан болатын. Осыған орай 2015 жылы република бойынша жол жөндеу жұмыстарына көп көңіл бөлініп отыр. 2011 жылдан бастап біздің облысымызда Астана – Петропавл жолын қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жыл сайын 25-30 шақырым қолдануға беріледі. Атқарылып жатқан жұмыстар әлемдік стандарттар бойынша, және сапасы жоғары.

Бүгінгі күні жергілікті жолдардың жартысына жуығы сын көтермейді. Яғни жөндеуді талап етеді. Алдағы бес жылда 3689 шақырым жолды қалыпқа келтіру жоспарда бар. Айта кету керек бұл жолдар жаңа технология бойынша жөнделеді.

Ғалым Тасболатов – СҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бөлім басшысы.

– 2015 жылдан бастап жаңа технология бойынша жұмыстар жоспарланып отыр. Ол суық ресайкілендіру және топырақты тұрақтандыру технологиясы. Осы технологиялар 3-5 есе арзан. Сондықтан бөлінген қаражатқа жолдар 5 есе көп жөнделетін болады.

Жалпы облыстағы автокөлік жолдарының желісі – 8998 шақырымды құрайды. Оның 1468 км республикалық маңыздағы жолдар.

Джакупов Самат.