Қоғам

СҚО 3 мыңнан астам адам алимент төлеуден жалтарып жүр

Ольга Васильева, СҚО сот актілерін орындау департаментінің сот орындаушысы.

-Борышкер қарызын 3 айға кешіктірсе, оның үстінен қылмыстық іс қозғалып, 1 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Оған қоса 2015 жылы күшіне енетін жаңа қылмыстық процессуалдық кодексте алимент төлемейтіндерге жаза күшейтілмек.

2016 жылға қарай заңды тұлғаларға қатысты істің 50 пайызы жеке сот орындаушыларының қолына өтеді деп күтілуді. Соған орай олар осы бастан қатарына құқықтық сауаты мен тәжірибесі мол заңгерлерді қабылдап жатыр.

Ғафур Нұрпейісов – СҚО жеке сот орындаушылары өңірлік алқасының төрағасы.

-Бүгінде өңірде 8 жеке сот орындаушы жұмыс істейді. Жыл соңына дейін олардың саны 15-ке жетеді. Оның 4-еуі ісін аудандарда бастайды. Себебі, онда қарызды өндіріп алу мәселесі қиындау.

Жеке сот орындаушылары бүгінде облыс бюджетін толықтыру мақсатында ІІД, салық басқармасы, автокөлік инспекциясымен меморандум жасасқан. Олар бұдан былай мемлекеттік қарызды өндіріп алумен де айналысатын болды.

 

 

 

Берик Касен.