Әр түрлі

Петропавл қаласы ақ ұлпаның астында қалды

Татьяна Базыкина – Петропавл қаласы “Коммунхоз” ЖШС бригадирі.

-Кешегі күні қар тынбастан жауды. Бүгін Әуезов пен Брусиловский көшелерінде қатарынан жұмыс істеп жатырмыз. Дәл қазір Брусиловский көшесінде 4 камаз, екі тиегіш пен 18 адам жұмылдырылған. Қарды толығымен шығармай бұл жерден кетпейміз.

Жалпы қала көшелерін қардан арылтуға 8 бірлік техника жегіліпті.

Елена Иващенко – Петропавл қаласы “Коммунхоз” ЖШС абаттандыру бөлімінің бастығы.

-Қала көшелерін қардан арылтуға 193 адам кіріскен. Брусиловский, Астана және де Конституция көшелеріндегі ақ ұлпа шығарылуда. Жаяу жүргіншілер жолы, аялдамалар мен көше қиылыстарын қардан тазартамыз. Ақ ұлпаның мұндай мөлшерде жаууы “Коммунхоз” ЖШС-ін таң қалдырған жоқ, өйткені біз әрдайым дайынбыз.

Айта кеткен жөн өткен тәулікте облыс аумағында жауған қардың қалыңдығы 10-20 мм-ге дейін жеткен. Синоптиктердің айтуы бойынша бұл ақ ұлпаның көп мөлшерде жауғаны. Аудандарға тоқталатын болсақ, Айыртау, Жамбыл, Ғ.Мүсірепов және де Есіл аудандары қалың қардың астында қалған. Ал облыс орталығында бұл көрсеткіш 13 мм. болды.

 

 

Риат Шони.