Денсаулық сақтау

Өңірде химиялық заттармен уланған балғындардың саны артқан

Олег Новицкий- облыстық балалар ауруханасының хирург- эндоскопист, дәрігері.

-Бала улануы мүмкін деген барлық заттарды қолжетімді жерге қоймау керек. Бізге түсетін науқастардың ата-анасының сылтаулары бір. 5 секундқа ғана баланы қараусыз қалдырдық, сол уақытта ол қышқылды ішіп қойды деседі. Енді тіпті сірке суынан басқа құбыр тазалауға арналған «Крот» деп аталатын барлығына белгілі ертінділерді де баланың қолы жетпейтін жерге қойған дұрыс. Сілтілі ертінділер қосылған ыдыс жууға арналған, құбыр тазалауға қажетті құралдардың бәрін тығып қою қажет.

Ақ халаттылар көп жағдайда мұндай әрекеттер ата- аналардың салғырттығынан орын алады дейді. 3,5 жасар Анастасия күні кеше ғана аурухана төсегіне таңылыпты. Анасының айтуынша, ол марганец ертіндісін ауызына салып жіберген.

Ремкеш Сиберт.

-Мен кешкі сегізде үйге жұмыстан келдім. Екеуміз тамақ ішіп отырғанбыз. Ол бұрын аяқтап, жуынатын бөлмеге кетті. Мен де артынан бара бергенде оның айғайлаған дауысын естідім. Ауызы қап-қара болып кетіпті. Марганцовканы жеп қойғанын бірден түсіндім. Кейін бірнеше қайыра шайдым. Аузы-басы ісіп кетті. Жедел жәрдем шақырдық.

Химиялық заттармен уланған бүлдіршіндерді емдеу үшін 1,5 жылдан астам уақыт кететін көрінеді. Бала жазылып шыққан күннің өзінде тіркеуге алынады. Оны емдеу жолдары да балғындар үшін ауырлық тудырмақ. Мына құрал «Фиброгастроскоп» деп аталады. Ол нақ осындай заттармен уланған науқастарды емдеуге арналған. Оны емдеу мекемесі ағымдағы жылы 3,5 млн-теңгеге жуық қаржыға алыпты.

Олег Новицкий- облыстық балалар ауруханасының хирург- эндоскопист, дәрігері.

-Уланған балғындардың өңеші жіңішкеріп кетеді. Сондықтан мына құрылғыны өңеш арқылы өткізіп, асқазандарын тексереміз. Бұрындары бұл шара ота жасау арқылы жүргізілетін.

Жалпы бүгіндері аурухананың хирургия бөлімшесінде 33 бала ем-дом қабылдауда.

 

 

 

Магжан Ахмадина.