Қоғам

Облыс орталығында Абай көшесі 25 мекенжайы бойынша орналасқан көпқабатты тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

Людмила Коновалова – «Планета» ПИК төрайымы.

-Менің бұл үйде тұрып жатқаныма 15 жылдан астам уақыт болды. Осы аралықта мұндай ауқымды жұмыстарды өзіміз жеке қаражатымызға жүргізе алмадық. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы бізге үлкен қолдау болды. Қазір жұмыстар сапалы жүргізіліп жатыр деп айта аламын.

Аталған көпқабатты үйде 101 пәтер бар. Тұрғындар жоба аясында жөндеу жұмыстары жасалып жатқанына қуанышты. Себебі үйдің шатыры мен электр желілері толығымен жаңасына алмастырылуда. Оның үстіне көптен бері шешімін таппай келе жатқан жертөле де тазартылмақшы.

Валерий Чуприн – «Планета» ПИК басқарушысы.

-Шыны керек үй ескі. Осыдан 10 жыл бұрын жөндеу көрген еді. Бірақ ол сапасыз орындалды. Енді міне көршілеріміздің барлығына жақсы болды деп айта аламын. Бәрі қуанышты.

Жөндеу жұмыстарын «Ассени» ЖШС – гі жүргізіп жатыр. Қазір нысанда 20-дан астам жұмысшы еңбек етуде. Айта кету керек, биыл бұл компанияның аталған бағдарлама бойынша жөндеп жатқан екінші үйі.

Алмат Ақжолов – «Ассени» ЖШС учаске шебері.

-Қажетті материалдардың барлығы жеткізілді. Жұмыстар тоқтаған емес. Ешқандай проблема жоқ. Учаскені белгіленген уақытта аяқтаймыз деп айта аламын.

Жалпы үстіміздегі жылы облыс орталығында 45 көпқабатты үй аталмыш бағдарлама бойынща жөнделеді деп жоспарланып отыр.

-Абай көшесі 25 мекен-жайы бойынша орналасқан мына үйге күрделі жөндеу жұмыстары қазан айының екенші он күндігінде басталған болатын. Қазір шаруалар кестеге сәйкес жүргізілуде. Ауа – райы қолбайлау болмаса, мердігер компания жұмысты желтоқсан айының соңына дейін аяқтауды жоспарлап отыр.

 

 

 

Самат Джакупов.