Қоғам

Мүгедектерді қолдау акциясы

Берік Байжанов – І топтағы мүгедек.

-Мұндай шара қазіргі қоғамдағы мүгедектердің бір-бірімен араласып, қатынасып, көмектесуіне септеседі. Өз басым игі шараға ризамын.

1992 жылы БҰҰ шешімімен 3 желтоқсан халықаралық мүгедектердің құқығын қорғау күні деп жарияланды. Бұл күні бүкіл әлемде мүгедектерді қолдау мақсатында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады. Бүгін осыдан 1,5 жыл бұрын құрылған “АРДОС – Жүрек” бірлестігі қаламыздағы кембағал жандарға арнап “Рухы биік” акциясын өткізді.

Сәлімхан Сабитов – “АРДОС – Жүрек” ЗТБ мүгедектер бірлестігі директорының орынбасары.

-Халықаралық мүгедектердің құқығын қорғау күнінде біз шағын акция ұйымдастырдық. Шара барысында таңертең өнер мұражайында болды, кейін анимациялық фильм қарадық. Енді міне осында дастархан басында жиналып отырмыз.

Шара барысында барлық қатысушыларға естелікке кәдесыйлар беріліп, облыстық филармонияның атынан шағын концерт ұсынылды.

Кездесу соңында ұйымдастырушылар мен қатысушылар естелікке суретке түсті.

 

 

 

Риат Шони.