Өнеркәсіп

«Қала – Нан» наубайханасына 5 жыл

Евгений Кузьменых – «Қала – Нан» ЖК шебері.

-Мына қазандыққа алғашқыда 100 – 120 келі ұн саламыз. Бұдан соң ашытқы қосамыз. 3 келі тұз тағы бар. Соңында 6 шелек су құйып, арластырамыз. Ол 15 минут уақыт алады. Кейін қамырды мына апарат өзі жасайды. Нан 45 минут көтереледі. Ең бастысы ұн жоғары сортты болу қажет.

Наубайханада күніне кем дегенде 10 000- ға жуық бөлке нан пісіріледі екен. Кәсіпорынға қойылған қондырғылардың барлығы дерлік Ресейден жеткізілген. Айта кету керек, қазір мұнда 20 адам еңбек етуде.

Ескендір Мұрадов – «Қала – Нан» ЖК директоры.

-Наубайхана ашу маған оңайға соққан жоқ. Басында мына ғимаратты жалдап жұмыс істеген болатынмын. Екі жыл бұрын сатып алдым. Содан соң нысанға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргіздім. Бүгінде жағдайым жақсы. Кәсібім алға басып келеді.

Қазір кәсіпорында 45 түрлі нан өнімі дайындалады. Сапалы тауарға қашанда сұраныс бар. Сондықтан ас атасын сатып алуға облыстың бірнеше аудандарынан кәсіпкерлер арнайы келеді екен.

Ескендір Мұрадов – «Қала – Нан» ЖК директоры.

-Елбасы өзінің жолдауында Үкіметке болашақта шағын және орта бизнесті жандандыруды тапсырды. Бұл кәсіпкерлерге жаңа серпін беріп отыр. Нәтижесінде қазір өз ісін ашамын деген азаматтарға мемлекет 6 пайыздық көрсеткішпен жеңілдетілген несие береді. Бұл біздер үшін өте тиімді. Менде осы қолдауды сезініп отырмын. Сондай-ақ келер жылы екінші цехты ашу жоспарда бар. Қазір онда жөндеу жүргізіліп жатыр.

Наубайхананың жұмыс істеп келе жатқанына жуырда бес жыл толды. Аз ғана уақыт ішінде кәсіпорын қала нарығынан ойып орын ала білді.

-Нанның пісірілуіне кем дегенде 45-50 минут уақыт жұмсалады. Ол арнайы осындай пештерде дайындалады. Айта кету керек нақ осы қондырғыда қазір 548 бөлке нан пісірілді. Ал дайын болған өнім бірден дүкен сөрелеріне жөнелтіледі.

 

 

Самат Джакупов.