Қоғам

Туынды Н.Назарбаевтың саясатқа ең алғаш аяқ басқан кезеңіне құрылған. Жас жігіт Қарағанды металлургия комбинаты партия ұйымының басшысы болып сайланады. Осы жерде шыңдалды. Ұлт көшбасшысының рөлін белгілі актер Нұржан Әлімжанов сомдайды.

«Тығырықтан жол тапқан» бөлімі Нұрсұлтан Назарбаевтың 70-80 жылдардағы өмір жолын бейнелейді. Сұлтанның ізденпаздығы мен еңбекқорлығы суреттеледі.
“Көшбасшы жолы” фильімінің бұған дейін «Балалық шағымның аспаны», «Отты өзен» және «Теміртау» бөлімдерін қалдырмай тамашалаған жерлестеріміз үлкен әсер алғандықтарын, ал “Тығырықтан шығар жолы” бізді ерекше баурап алды дейді.

Біржан Жалғасбаев, С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрының директоры.

-Елбасыны сомдаған Нұрлан Әлімжанов өз рөлін керемет ойнап шықты. Бір образдан екіншіге ауысуы ғажап болды. Елбасы жайлы мағлұматтар алып, кітаптар оқып ізденгені көрініп тұр.

Фильмді тамашалап шыққан аға буын өкілдері, елбасының мұндай образы жастарға жол көрсететіндігін алға тарты.

Ескендір Елеусізов, СҚО ардагерлер кеңесінің төрағасы.

-Елбасының жастық кезіндегі еңбокқорлығы, жігерлігі, өзінің алға ұмытылысы өскелең ұрпаққа үлгі болып, ойландырады.

Жастар болса, Елбасы сияқты бар күшімізді салып еңбектенсек, бізде жетістікке жетіп, мемлекетімізді дамытамыз дейді.

Данияр Әбутәліп, СҚО жастар бастамалары орталығының директоры.

-Нұрсұлтан Назарбаевтың жастайынан еңбекқор болғанын көрдік. Бұл барлық жастарға жігер беретін кино. Сол себепті де біз жастар Елбасы сияқты еңбектенсек мемлекетімізді әлі де шыңға жетелейміз.

Бұл туынды бүгін еліміздің 50 кинотеатрында көрсетілді.

 

Бану Ахметова.