Бизнес және экономика

Жаңа монеталар айналымға шықты

Ескендір Сүлейменов- “ҚР Ұлттық банкі” РММ СҚФ маманы.

-Бұл монета- 925 сынамнан жасалған. Оның салмағы- 31,1 грамм боп келеді. Бұл монетада ана мен сәби бейнеленген.

«Ана» деп аталатын монетаның таралымға шыққандығын БАҚ өкілдерінен естіген Роза Саржанова бүгін осы тиынды сатып алуға қаржы институтына келіпті. Ол оны ана атанған келініне сыйға тартпақшы.

Роза Саржанова- қала тұрғыны.

-Теледидар көріп отырып, бір бағдарламада жаңа монеталардың шығарылатындығын көрдім. Қазір сыйлық жасау қиындап кетті ғой. Сондықтан ерекше, әрі пайдалы зат тарту етпек ниетпен осында келдім. Оның бағасы да жыл санап өспесе, кемімейді. Сондықтан ол отбасыға табыс әкеледі деген ойдамын.

Ұлттық банк айналымға ұсынып отырған келесі банкнота- «Шығыс күнтізбесі» сериясына арналып шығарған «Қой жылы» монетасы. Ол алтын және күміс металдарынан жасалған.

Ескендір Сүлейменов- “ҚР Ұлттық банкі” РММ СҚФ маманы.

-Бұл монеталар алтын және күмістен жасалған. Күміс монетасы 925 сынамнан жасалған. Салмағы- 31,1 грамм боп келеді. Сатылу бағасы 9300 теңге. Келесі Қой жылына арнап, алтыннан жасалған монета. Оның салмағы- 7,78 грамм. Сынамы- 999. Бағасы- 80 400 теңге.

Тұрғындарға жақында шығарылған сөлкебайларды – еліміздегі Ұлттық банктің барлық филиалдарында сатып алуларына болады.

 

 

 

Магжан Ахмадина.