Қоғам

Қыс мезгілінде шыршалар күшейтілген күзетте

Ербол Бапашев – Қызылжар мемлекеттік орман қорғау мекемесінің инженері.

-Қала маңайында 6 стационарлық бекет пен 14 мобильді топ құрылды. Олар әрдайым қарағайларды күзетеді. Егер жасыл желкенді заңсыз кескен біреу ұсталда, онда оған 15 АЕК көлемінде айыппұл салынады.

Қарағай өсетін Кубыйбышев орман шаруашылығының аумағы 300 гектар шамасында. Мына жасыл желкендер 1990-шы жылдары отырғызылған. Бүгінде олар жайқалып өсіп, айналаға көрік беріп тұр. Желтоқсан айынан бастап мұнда ұрлық фактілерін болдырмау үшін бақылау шаралары күшейген.

Өлмес Нұртазин – Куйбышев орман шаруашылығының қорықшысы.

-1 желтоқсаннан бастап күзетке кірдік. Ағаштарды күндізде, түндеде күзетеміз. Көбіне қарағайды заңсыз кесуге түнгі уақытта келеді. Бірақ, биыл ондай факті тіркелген жоқ.

Жалпы облыс бойынша 59 мобильді топ пен 30 стационарлы бекет құрылған. Жаңа жылдық шыршалар тек ауқымды іс-шаралар өткізгенде, қала мен аудан әкімдердің тапсырысы бойынша кесіледі. Ал үйлерін жаңа жылға сәндеу үшін тұрғындар базарларда сатылатын қарағайларды сатып ала алады. Жасыл желкеннің 1 метрілігі 500 теңгеден болса, одан биіктері 1500 теңгеден саудаланады.

 

 

 

Риат Шони.