Билік

Өңірдегі энергетикалық инфрақұрылымды дамыту

Виктор Бармин, “СЕВКАЗЭНЕРГО”АҚ 2-ЖЭО директоры.

-Жаңа жылу қазандығының көмегімен желідегі 3 мың тонна суды жылытуға болады. Қондырғы үнемді әрі экологияға бұрынғыларындай залалын тигізбейді. Оның ауаға ұшатын зиянды қалдықтарды ұстап қалатын сүзгісі бар. Сондай-ақ, біз өткен жылы 4-ші турбинаны іске қостық. Соның арқасында өңір аудандары мен Петропавлға берілетін электр қуаты 63 МВт, ал жылудың қуаты сағатына 52,5 Гкал-ға артық берілетін болды.

Бүгінде 2-ші жылу электр орталығында 12 жылу қазандығы мен 7 турбоагрегат бар. Алдағы уақытта олардың барлығы жаңасына алмастырылады. Сөйтіп, 2016 жылға қарай станцияның бу, жылу және электр өндіру қуаты 541 МВт-қа ұлғаяды. Әсіресе, бұл жұмыстарға Елбасының биылғы жолдауында көтерілген тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы мен энергетика инфрақұрылымын дамыту тапсырмасы қарқын бермек.

Ерік Сұлтанов, СҚО әкімі.

-Солтүстік Қазақстандағы энергия компаниясының жұмысына жоғары баға беремін. Бүгін 8-ші қазанг агрегаты іске қосылып жатыр. Ол үнемді. Жылына онымен 3 мың тонна көмірді үнемдеуге болады.

2015 жылы 12-ші жылу қазандығын жаңасына ауыстыру жоспарда бар. Қондырғының технологиялық үрдісі толығымен автоматтандырылған жүйеде басқарылатын болады.

 

 

Берик Касен.