Билік

Облыста келер жылы үш мектептің құрылысы басталады

Нұрсұлтан Назарбаев – Қазақстан Республикасының Президенті.

-Әлеуметтік инфроқұрылымдарды дамыту. Бірінші кезекте, бұл апатты мектептер мен үш ауысымда оқыту проблемаларын шешу. Бұл біздің сайлауалды тұғырнамамыздың негізгі индикаторларының бірі. Үш жылдық бюджетте қарастырылған қаржы бұл проблеманы 2017 жылға дейін шешуге мүмкіндік бермейді. Сондықтан Үкіметке қосымша 70 миллиард теңге бағыттауды тапсырамын.

Бұл бағытта болашақта теріскейде тиянақты жобалар іске асырылмақ. Айта кету керек Солтүстік Қазақстанда бүгінгі күні үш ауысымда білім беретін екі мектеп бар. Ол Ғабит Мүсірепов және Тайынша аудандарында. Жолдау жүктеген тапсырмаларға байланысты, аталмыш елді – мекендермен Қызылжар ауданына қарасты Бәйтерек ауылында 2015 жылы жаңа білім ошақтарының құрылысы басталмақ.

Владимир Ткаченко – СҚО білім беру басқармасы басшысының орынбасары.

-2015 жылы Ғабит Мүсірепов ауданының орталығында 991 миллион теңгеге 400 орынға арналған мектептің құрылысы жанданады. Сондай-ақ оның 200 балаға шақталған интернаты болады. Мұнымен қоса Тайыншада 300 балаға деп жаңа білім ошағы бой көтереді. Бұл жұмыстарға 900 миллион теңге қарастырылған. Және Бәйтерек ауылында 867 миллион теңгеге 300 орынды болатын білім ұясы салынады.

Өңірде аппатты мектептердің саны екеу. Ол Ғабит Мүсірепов ауданына қарасты Буденное селосымен Мамлют қаласында. Қазір олардың орнына жаңа білім ұялары салынып жатыр. Бұл мақсатқа облыстық қазынадан 1 миллиард 200 миллион теңге қаражат бөлінген. Өңірде сондай-ақ алдағы уақытта балабақша мәселесі де шешімін табатын болады.

Владимир Ткаченко – СҚО білім беру басқармасы басшысының орынбасары.

-Келер жылы облыс орталығындағы Мира – Строительная көшелерінің қиылысында 767 миллион теңгеге 320 орынға арналған жаңа балабақша тұрғызылады. Ал оның құрылысына деген қаражат ел қазынасынан бөлінетін болады.

Айта кету керек бүгінгі күні облыста 566 мектепке дейінгі тәрбие беретін мекеме бар. Болашақта бұл көрсеткіш де арта түспек.

 

 

Самат Джакупов.