Білім

Мектептер жаңа компьютерлермен толығуда

Юрий Захаров- Қазақстан халқы ассамблеясының мүшесі, Қазақстанның орыс, казак және славян ұйымдарының үйлестіру кеңесінің төрағасы.

-Өткен жылы осы ұйымның өкілдері бізге келгенде, оларға мектепке заманауи технологияларды алуға қолдау көрсету керек деп айтқан болатынбыз. Содан міне, 14 жаңа компьютер осы білім мекемесіне демеушілік жасады.

Оқушылар болса, мұндай сыйлық сапалы білім алуға серпін бермек дейді.

Сажида Сыздықова- Ғ. Мүсірепов атындағы №43 орта мектептің 10 сынып оқушысы.

-Енді сабаққа сапалы дайындалып, жаңа технологияларды пайдаланатын боламыз.

Айназик Әлімжанова- Ғ. Мүсірепов атындағы №43 орта мектептің 11 сынып оқушысы.

-Компьютерлер ҰБТ-ға дайындалуға көмектесетін болады.

Ұстаздар қауымы компьютерлердің көмегімен тың презентациялар жасап, ақпараттық технологиялар заманында оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырмақ ниетте.

Людмила Лыжина- Ғ. Мүсірепов атындағы №43 орта мектептің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің ұстазы.

-Әрине орыс тілі мен әдебиеті кабинетін осындай заманауи құрылғылармен жарақтау ойы өте жақсы деп ойлаймын. Ол балалардың тілді тереңірек біліп, оқуларына көмектесетін болады. Сабақтарды да барынша қызықты өткізуге мүмкіндік туды. Оқушыларды олимпиада, жарыс, жобаларға дайындау кезінде де бұл құралдардың көмегі орасан зор болмақ.

Тартуға риза болған оқушылар қонақтарға шағын концерт ұйымдастырып, ән-жырдан шашу шашты. Жалпы мұндай демеушілік көмек тағы өңіріміздің екі мектебіне жасалмақ.

 

 

 

Магжан Ахмадина.