Қоғам

Келешекте жергілікті өзін – өзі басқару заңнамасына толқытырулар мен өзгертулер енгілілмек

Сергей Худяков – Жергілікті өзін – өзі басқару институтының директоры.

-Үндістанда өткен жиынға елімізден мемлекеттік қызметшілер, мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдері және Ұлттық экономика министрлігінің мамандары қатысты. Жиында біз әлеуметтік аудит технолоргиясымен таныстық. Айта кету керек бұл технологияны бүкіләлімдік банк Үнді елінде 8 жыл бойы жүзеге асырып келеді. Нәтижесі де жоқ емес.

Осылайша Үндістан мемлекетіндегі әлеуметтік аудит агенттігі әр елді – мекеннен кем дегенде үш азаматты арнайы оқуға жібереді. Бұдан соң осы мамандар өз өңірлерінде мемлекеттік, және әлеуметтік бағдарламалардың орындалуын қадағалап, сараптама жүргізіп отырады.

Сергей Худяков – Жергілікті өзін – өзі басқару институтының директоры.

-Үндістан мемлекетінде кедейдік деңгейі жоғары. Сондықтан соңғы алты жыл уақыт көлемінде нақ осы технология тығырықтан шығуға септесті. Жаңағы азаматтар бөлінген қаражаттың игерілуіне жауапты. Яғни нәтижесінде сыбайлас – жемқорлыққа жол берілмейді. Барлық бағдарламалар түбегейлі жүзеге асады.

Болашақта елімізде жергілікті өзін – өзі басқару заңнамасына толықтырулармен өзгертулер енгізілмек. Соған байланысты бұл технологияны Қазақстанда да енгізу жоспарланып отыр.

 

 

 

Самат Джакупов.