Өнеркәсіп

Бүгінде СҚО су тоғандарында 20 шақты балық түрі тіршілік етеді

Жанна Бекайдарова, “Петропавл балық питомнигі” РМҚК инкубациялық цехтың операторы.

-Уылдырықтар қалыпты жетілу үшін су мен цехтың ішіндегі температураны қалыпты деңгейде ұстаған жөн. Мына уылдырықтар ыдыстың жақтауына жабысып қалмас үшін қауырсынмен былғап тұрамыз. Судың температурасы +1 грудус. Егер ол көтеріліп кетсе, уылдырықтағы сига балықтары мерзімінен бұрын өсіп шығады.

Бұл уылдырықтарды Петропавл балық питомнигіне Солтүстік Қазақстан мен Ақмола су қоймаларын жалға алушылар қарашаның 5-і жеткізген. Олар енді 7,8 айдан соң шабақтарға айналады. Сига балығының еті дәмді әрі адам ағзасына пайдалы. Мамандар су жануарлары саны жағынан кеміп барады. Оның негізгі себебі табиғи ортада өздігінен көбеюге қауқарсыздығында болып тұр дейді.

Людмила Волкова, “Петропавл балық питомнигі” РМҚК өндірістік цехтардың меңгерушісі.

-Біздің өңірдегі су тоғандары мен көлдер соншалықты таза әрі мөлдір емес. Сондықтан, бұл балықтар онда өздігінен жетіле алмайды. Олар өмір сүретін ортада су үнемі ағысын тоқтатпай, үнемі тазарып тұруы қажет. Қазір біз сига балығының санын арттыруды қолға алмасақ, олар бірнеше жылдан кейін құрып кетуі мүмкін.

Қазір инкубациялық цехта тұқы балығы да өсіріліп жатыр. Мұндағылар ақ амур мен шортанды жасанды жолмен өсіру қолға алынбақ.

Сондай-ақ, Петропавл балық питомнигі мемлекет тапсырысын ойдағыдай орындап, келесі жылдың көктемінде өңір су қоймаларына 50 млн. сига және тұқы шабақтарын жіберетін болды.

 

 

 

Берик Касен.