Қоғам

Ақша аударымдары мен хат Петропавлға ерте жеткенімен оны тұрғындар уақытында алмайды

Таисия Ермакова, еңбек ардагері.

-Мәскеуден жіберген ақшамды алу үшін қазанның 30-ы қазпоштаға бардым. Есепші куәлігімді алып, маған ақша түспегендігін айтты. Мен оны Мәскеу жақтан кешіктіріп жібермей жатқан шығар деп ойладым. Сөйтсем, менің ақшам қазпоштаға 7 күн бұрын түсіпті. Ал, мен оны қарашаның 26-сы бірақ алдым.

Таисия Ермакова ақша тұрмақ Қырымнан келген хатын да уақытында ала алмапты. Зейнеткердің айтуынша, хат Петопавлдағы казпошта бөлімшесіне қазанның 25-і түскен күні қаптаманың бетіне басылған мөрде көрсетулі. Алайда ол әжейдің қолына 1 ай өткеннен кейін ғана тиеді.

Таисия Ермакова, еңбек ардагері.

-Қырымнан келген хатты жиенім жолдаған. Оның ішінде жиеншарымның фотосуреті болды. Мен талай мәрте поштаға қоңырау шалып, хат келді ме деп сұрадым, Бірақ ешкім ештеңе айтпады. Кейін біраз күн өткен соң қараша айында үйіме бір қыз келіп, қолыма әлгі хатты ұстатты.

Осындай жағдайлардан кейін Таисия Ермаковадан пошташылар кешірім де сұрамаған. Кейуана базынасын айтып, біздің редакциямызға хабарласып, мән-жайды анықтауымызды сұрады. Біз еңбек ардагерінің сөзін жерге тастамай, “Қазпочта” АҚ облыстық филиалының мамандарымен байланыстық.

Елена Никлевич, “Қазпочта” АҚ СҚОФ почта технологиясы бөлімі жетекшісінің орынбасары.

-Бүгінде тұрғындарға хабарлама жеткізуде қиындықтар бар. Бірде барғанда подъездер жабық тұрады. Не хат, сәлемдеме салатын жәшіктері болмай шығады. Біз қазір ол жағдайға нақты кімдер кінәлі екенін айта алмаймыз. Ол үшін қызметтік тергеу жүргізу керек.

Осыдан кейін біз бір қарын майды шынымен бір құмалақ шірітті ме деген ойға қалып, жұмысына салғырт қараған адам сыбағасын алар деген үмітте қалдық.

 

Берик Касен.