Қоғам

“Нұр Отан” партиясына жас жерлестеріміз қабылданды

Григорий Кухарь – “Нұр Отан” партиясының қалалық филиалы саяси кеңесінің мүшесі.

-Партияның барлық даму кезеңдеріне куә болдым. Бастапқыда Петропавл қалалық партия филиалының құрамы небары 1500 адамды құраған еді. Сондықтан, ол кезде, шыны керек, партия мүшелерінің қатарын арттыруға баса мән бердік. Ал бүгінде, сапаға басымдық жасалады. Мүшелікке қызметіне адал, отанынына қалтқысыз еңбек еткісі келетіндерді қабылдауға тырысамыз.

Бүгінде Нұр отан партиясының қатарындағы қазақстандықтардың саны 800 мыңға жеткен. Олардың 40 мыңы – өңір азаматтары. Жыл басынан партия мүшелігіне тағы 800 жерлесіміз қабылданған. Әсіресе, Нұр Отандағы жастардың қатары соңғы уақытта еселеп артуда. Елбасы жетекшілік ететін саяси ұйымға жастардың талпынған жігері мен жаңаша көзқарастары керек. Сондықтан, Қазақстан Республикасының тұңғыш президентінің күніне орай, партия мүшелігіне тағы 5 жас маман қабылданды.

Евгения Барданова – “Нұр Отан” партиясының мүшесі.

-Мереке күні еліміздің бас партиясының қатарына кіріп отырғаныма қуаныштымын. Өткені, Нұр Отанның төрағасы – елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев – барлық қазақстандықтардың кемел болашағының кепілі. Сондықтан, мен де мемлекет басшысының қоластында еңбек етіп, отандастарыма, еліміздің өсіп-өркендеуіне үлес қосқым келеді. Алдағы барлық шараларға белсенді араласуға әзірмін.

Евгения Барданова мен “нұротандық” атанған оның әріптестері Петропавл құрылыс материалдарының зауытында еңбек етеді. Қаладағы ірі өндіріс ошағы өңір экономикасына өз үлесін қосса, біз де партия қатарында жүріп, облыс халқының тұрмысын жақсартуға ат салыссақ дейді олар. Партияның жас мүшелеріне саяси ұйымның доктринасы мен “Елбасы және тәуелсіздік” кітабы табыс етілді. Жас нұротандықтар партия өкілдеріне өздерін мазалаған сауалдарды да жолдады. Жастар 23-бағытта жүретін автобустардың қызметін реттеу керек деген ойда.

 

 

Гульмира Шохтыбаева.