Қоғам

2015 жылдан бастап алқа билер сотының рөлі артпақ

Бахытжан Сатвалдинова, СҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы.

-Осыған дейін алқа билердің қатысуымен қылмыстық кодекстің 5 бабы бойынша қылмыстық істер қаралып келсе, енді жаңа жылдан, олардың саны 8-ге жетеді. Адамды еркінен тыс жыныстық қарым-қатынасқа тартып немесе оны зорлау фактісі анықталса, қылмыскер өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Сондай-ақ, кәмелетке толмағандарды зорлау, жаппай қырып-жою қаруын пайдалану, геноцид, судьяның өміріне қауіп төндіргендер де аса ауыр қылмыс жасаған болып есептеледі. Міне, осы баптар бойынша іс қаралған кезінде алқа билердің төрелігіне жүгіну қарастырылған.

2015 жылдан бастап жаңа қылмыстық-процессуалдық кодекске сәйкес алқа билер соты құрамындағы кандидаттардың жеке басына қатысты ақпараттар құпия түрде сақталады.
Және олар айыпталушы не сотталушының рұқсатынсыз сот тыңдалымына қатыса алмайды.

Рамазан Хасенов, СҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы.

-Төтенше жағдай немесе қоғамдық бүлік шығару кезінде адамды өлтіру, ел ішіндегі тыныштықты бұзу, қоғамдық орындарда жарылғыш заттарды пайдалану, соғыс кезінде әскери қылмыс жасау. Міне, осы әрекеттер аса ауыр қылмыстар санатына жатқызылады. Бұл жағдайда алқа билер істі қарау кезінде сот отырысына қатыспайды.

Өткен жылы алқа билердің қатысуымен 18 қылмыстық іс қаралса, биыл ондай істердің саны біреу ғана.


 

 

Берик Касен.