Қоғам

Солтүстікқазақстандықтар ҚР тұңғыш президентінің күнін атап өтті

2011 жылы жоғарғы заң шығарушы үкіметтің шешімімен 1 желтоқсан ҚР-ың Тұңғыш Президенті күні деп жарияланған. Қазіргі таңда бұл атаулы датаны жыл сайын тойлау дәстүрге айналған. Ұлттық маңызы бар мерекеге ұйымдастырылған концертті халық қошеметпен қабылдады. Елбасының құрметіне арналған салтанатты іс-шарада өңіріміздің түрлі өнер ұжымдары теріскейліктерге жақсы көңіл-күй сыйлады.

Думандатып жүргендердің арасында Алла Судовых бар. Нәзік жанды Елбасы СҚО келгенде Президентті жанынан көріпті. Жерлесімізді Қазақстанды биік белестерге жетелеген Ұлт көшбасшысы оны абыройы мен ғана емес, адамгершілігімен де таңқалдырған.

Алла Судовых – №23 орта мектеп директорының тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары

 

– Мен Президентті қаламызда “Шапағат” базары ашылғанда көргем. Дәл қазір сіздермен тұрғандай қасында болдым. Ол кісі өте қарапайым, адамгершілігі мол жан. Біздің еліміз үшін аянбай еңбектеніп, Отанымызда халықаралық ареналарда биік шыңдарға жеткізуде. Сол үшін Елбасына шексіз ризашылығымды айтамын.

Жиналған жұрттың көбі концертті тамашаласа, біреулер ат пен есекке мініп шаттануда. Орталық алаңға ығысқан кішкентай балаларда карусельде айналып, қызық көру үстінде. Ал ерекше өнермен 5 жылдан астам уақыт бойы айналысатын Лилия Крохина бұл күні өз қолымен жасаған бұйымдарынан көрме жайған. Айта кету керек, нәзік жанды бұл кәдесыйларды қазақ жерінде кездесетін тастардан жасаған.

Лилия Крохина – қолөнер шебері

– Мен Президент күніне арнап тастардан бәйтерегі бар, мынандай тамаша бұйым жасадым. Бүгінгі көрмеде еліміздің әсем табиғаты мен керемет символикаларды көруге болады. Жалпы бұнымен мен теріскейліктерге Қазақстанның байлығын көрсеткім келді.

Суық ауа райына қарамастан қала қонақтарымен, тұрғындары мерекелік іс-шараға дән риза. Елбасының жолдауын құптап, ұлт көшбасшысына зор ықыластарын білдіруде.

– Қазір әлемде түрлі оқиғалар орын алып жатыр, ал біздің еліміз Президентіміздің арқасында тыныш, бейбіт өмір кешіп жатыр. Елбасының салиқалы саясатына өз басым ризамын.

– Біздің Елбасымыз өте керемет адам. Өз басым оны құрметтеймін. Басқа елдерге қарағанда бізде соғыс жоқ, аспанымызы ашық.

– Президенттің жыл сайынғы халыққа жолдауын көріп тұрамын. Барлық жолдауы қазақстандықтар үшін, отандастарымызыдың бақытты өмірі үшін жолданған.

–  Жай көзбен қарағанда бізде барлығы жақсы. Алайда мұндай саясатты құру Нұрсұлтан Назарбаевтың қажырлы еңбегі. Қазір біз соның арқасында татулық пен келісімде тұрып жатырмыз.

Елбасы мерекесі қазақ елінде осымен үшінші жыл қатарынан тойланды.

 

Риат Шони.