Спорт

Қысқы спорт маусымы ашылды

Бүгінгі шараға еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін жиналды. Олардың барлығы қысқы спорт түрлерінің әуесқойлары. ҚР Тұңғыш Президенті мерекесінде ашылған қысқы маусыммен жиналған қауымды шаһар басшысы Марат Тасмағанбетов құттықтап, елімізде тұрғындардың спортпен шұғылдануына барлық жағдайдың жасалынып жатқандығын тілге тиек етті.

Марат Тасмағанбетов, Петропавл қаласының әкімі

 

– Еліміздің жетістіктерге жетуі елбасының атымен байланысты. Сондықтан осы күнгі мерекемен құттықтаймын.

Бүгінгі күні облыста тұрғындардың 26 пайызы дене шынықтырумен айналысады. 5-мыңы қысқы спортпен шұғылданады. Олардың арасында тек облысымыздың ғана емес, еліміздің намысын қорғап жүрген жандар да бар. Елена Урванцева бетке ұстар конькишілеріміздің бірі. Нәзікжандының спорттың бұл түрімен айналысқанына 13 жыл болыпты.

Елена Урванцева, конькиден халқаралық дәрежедегі спорт шебері

–  Конькимен шұғылдануыма құрбым сеп болды. Сондықтан спорттың бұл түрі маған жақындығын сезіндім. Сөйтіп, конькимен күнде айналыстым. Нәтиже бере бастады. Осы уақыт аралығында көптеген жетістіктерге жеттім. Бүгінгі шараның ашылуы облысымызда спортқа үлкен көңіл бөлініп жатқандығының дәлелі деп білемін.

Қысқы маусымның ашылғанына әсіресе балалар қуанышты. Бүлдіршіндер бұл күнді асыға күттік дейді.

– Еліміздің Тұңғыш Президенті күнінде мұз айдыны ашылып отыр. Өте қуаныштымын. Енді достарыммен келіп, сырғанаймыз.

–  Маған коньки тебу өте ұнайды. Сондықтан бүгінгі қысқы маусымның мемлекеттік мереке күні ашылып жатқанын естіп осында келдім.

Жалпы биылғы жылы облыс бойынша жаңадан 50 мұз айдыны қолданысқа берілді. Жыл соңына дейін тағы осыншасын ашу жоспарланған. Сөйтіп, өңір бойынша 300 корт жұмыс істемек.

Руслан Есеналин, СҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы

– Қысқы маусымның жоспары ауқымды. Көптеген жарыстар ұйымдастырылады. Ал, бүгін Қарасай стадионында кәсіби хоккейшілердің 3 командасы өз шеберліктерін көрсетеді. Биатлошылар, шаңғышылар да өнерлерін көрсектпек. Бұл күні бойына жоспарланған.

Бүгін мереке күнінде облысымыздың барлық аудандарында қысқы спорт маусымы ашылды. Және айта кету керек дәл осы күні мұз айдындарында сырғанау тегін болмақ.

Ахметова Бану.