Билік

ҚР тұңғыш президентінің күніне орай жаңа пәтерлердің кілттері табыс етілді

Бүгін Береке ауданы жайнап сала берді. Ухабов көшесінде “Қолжетімді баспана” мемлекеттік бағдарламасы бойынша салынған 4 үй пайдалануға берілгелі тұр. Осы орайда жиылған қауым мен соның ішіндегі жаңа пәтерлердің иелері сан сала өкілдері – 84 жас отбасыны Ерік Сұлтанов қуаныштарымен құттықтады.

Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі

 

 

– Бүгін барша қазақстандықтар ҚР Тұңғыш президенті күнін атап өтуде. Сіздерді осы айтулы мерекемен шын жүректен құттықтаймын. Елімізде мемлекеттік “Қолжетімді баспана – 2020” бағдарламасы аясында құрылыс саласы дамып келеді. Елбасы биылғы “Нұрлы жол – болашаққа бастар жол” атты халыққа Жолдауында жалға берілетін тұрғын үй құрылысын қаржыландыруға қосымша 180 млрд теңге бөлінетінін атап көрсетті. Облысымызда тұрғындарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету мақсатында жұмыс жалғасын табады.

Бұдан кейін облыс әкімі тұрғындарға салтанатты түрде жаңа пәтерлерінің кілттерін табыс етті.

Қуаныш иелері өз сөз кезегінде облыс басшылығына алғыстарын жаудырды, халықты мерекемен құттықтап, риза көңілмен игі тілектерін білдірді.

Ернар Молдахметов – жеке кәсіпкер

 

– Бүгін ҚР Тұңғыш президенті күні біз “Жас отбасылар” бағдарламасы бойынша жаңа пәтер алып жатырмыз. Біз өте қуаныштымыз.

Әйгерім Әубәкірова – №21 орта мектебінің аудармашысы

 

– Сіздерге береке, отбасылық береке тілеймін. Еліміз аман болсын. Жұртымыз тыныш болсын. Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын.

Пәтер іші кең, жарық әрі жылы дейді баспана иелері. Ерік Сұлтанов үй-үйді аралап, пәтерлердің жайлылығына көз жеткізді. Қонақтары шашу шаша кірген Бейсембековтар отбасы 8 жыл пәтер жалдап тұрған екен. Мемлекеттің жастарға деген қолдауының арқасында үш баланың әкесі Серікжан жары Гүлнұрмен бірге 3 бөлмелі пәтерге қол жеткізіп отыр.

Серікжан Бейсембеков

 

– Семья құрғанымызға 9 жыл болды. Жаңа пәтерге кіргенімізге балаларымыз да қуанышты. Көп-көп рахметімізді айтамыз.

Осы күні жаңа қонысқа көшкендердің бірі – Унгефугтар отбасы. Надежда мен Василий отбасы құрғандарына – 5 жыл. Үйленгеннен кейін 2 жыл өткен соң “Қолжетімді баспананы” арқау еткен. Міне, 3 жыл дегенде қызын ертіп, жаңа үйге кірді.

Надежда Унгефуг

 

– Өз үйімізді жайлы етіп, жайғастыру арманымын болатын. Бұл бір – күтпеген үлкен сыйлық. Қуанышымыз қойнымызға сыймайды. Сондай біз үшін қысқа уақыттың ішінде пәтерге ие болдық. Енді, Жаңа жылды осында қарсы аламыз.

Облыс әкімі айтқандай, өңірде алдағы уақытта үй құрылысы жалғасын табады. Әсіресе, жастарды баспанамен қамту мәселесіне баса мән берілмек.

 

Данаш Хамзина.