Билік

Аққайың ауданының орталығы Смирново елді-мекенінде 250 адамға қызмет көрсететін жаңа аурухана қолданысқа берілді

Жергілікті тұрғындар жаңа аурухананың Тұңғыш Президент күнінде қолданысқа берілгенін жақсы ырымға балап отыр. Олардың бұл қуанышына аймақ басшысы Ерік Сұлтанов ортақтасты.

Ерік Сұлтанов, СҚО әкімі

 

– Сапалы медициналық қызмет тек қала тұрғындарына ғана емес, сонымен қатар шалғайдағы ауыл тұрғындарына да қолжетімді болуы тиіс.

Осы тұста аймақ басшысы медициналық мекеменің ұжымы мен тұрғындар игілігіне су жаңа жедел жәрдем көлігінің кілтін табыс етті.

Жаңа нысан “100 мектеп, 100 аурухана” бағдарламасының жемісі.

Сәуле Қабышева, Аққайың ауданының орталық ауруханасы бас дәрігерінің міндетін атқарушы

– Емдеу мекемесінің құрылысына ел қазынасынан 1млрд.100 млн.теңге жұмсалды. Ал, маммограф, рентген тағыда басқа медициналық аппараттарды сатып алу үшін республикалық бюджеттен 500 млн.теңге бағытталған. Аталған жабдықтар жетілдіріліген әрі оларға соңғы үлгідегі сандық жүйе орнатылды.

Мәселен, мына қондырғы адамның ішек-қарын жолдарындағы жараны тез арада анықтап, оның орнын компьютер мониторы арқылы 10 есе ұлғайтып көрсетеді. Осы және өзге де мүмкіндіктердің арқасында аудан тұрғындары дер кезінде диагнозын біліп, облыс орталығына ағылмай артық жол машақатынан құтылатын болды. Жалпы емдеу мекемесінде адамдардың денсаулығын түрлі профилдегі 32 дәрігер қадағалайтын болады. Оның 8-і соңғы 4 жылда қатарға қосылған жас маман. Соңғылары “Дипломмен ауылға” бағдарламасының шарапатын көрген. Солардың бірі хирург әрі эндоскопист Болат Бекеев. Ол 2010 жылы Қарағанды мемлекеттік медициналық университетін тәмамдап келіп, 200 мың теңгенің бір реттік жәрдемақысы мен 5 бөлмелі баспана алды. Бүгінде мемлекет жасаған қамқорлықтың арқасында уақытында үйленіп, 1 ұл 1 қыздың әкесі атанды.

Болат Бекеев, Аққайың ауданы орталық ауруханасының эндоскописті

– 100 пайыз сапалы жуу, өңдеу және құрылғыларды сақтау үшін осындай жуу машиналары беріліп отыр. Мұндай аппараттар біздің ауданымызда бұрын соңды болмаған. Ал, өңірімізде 4,5 ауданда ғана бар. Бұрындары біз санаулы тұрғындардықабылдасақ, бүгіндері осындай қондырғылардың арқасында оларды шектеусіз қабылдай аламыз.

Осында жиналған халық жаңа аурухананы салу бір басқа, ондағы дәрігерлер мен медбикелердің тұрғындарға көрсететін сапалы медициналық қызметі мүлде бөлек әңгіме дейді.

– Ауылымызға жас мамандар келіп жатыр. Соған орай міне, жаңа аурухананың ашылғаны жақсы болды. Енді тұрғындарға көрсетілетін медициналық қызмет жақсарады деген үміттемін.

– Еліміз көркейе берсін. Осындай жаңа ғимараттар ашыла берсін. Бұл енді болашаққа мол сеніммен қарауға мүмкіндік береді. Алла тағала елбасымызға зор денсаулық берсін. Президентіміз жолдауында айтқандай, елімізде жолдар жаңғыртылады. Жаңа жұмыс орындары пайда болады. Міне, осының бәріне біз қуаныштымыз.

Жалпы жыл аяғына дейін өңір аудандарында техникалық талаптарға сай осындай тағы 2 аурухана қолданысқа берілмек.

– Сондай-ақ, осы күні өңір жетекшісі “ИКЕА-ТАСС групп” ЖШС жаңадан ашылған элеваторында болды. Бұл астық қабылдау бекетінің жалпы сыйымдылығы 60 мың тоннаны құрайды.

Аймақ басшысы құны 17 млн. долларға бағаланған жобамен танысып болған соң кәсіпорын ұжымымен кездесті.

Ерік Сұлтанов, СҚО әкімі

– ИКЕА-ТАСС групп” ЖШС еліміздегі маңдай алды компаниялдардың бірі. Біз осындай инвесторларға қарап, бой түзеуіміз қажет. Олар сияқты еліңнің ертеңі үшін аянып қалмай көп еңбектеніп, ел қазынасына мол қаржы салу қажет.

Тито Сыздықов, “ИКЕА-ТАСС групп” ЖШС компаниясының құрылтайшысы

– Егер бизнесіміз алға басса, біздің мұна металл силостардың санын көбейтіп, астық қабылдау қуатылығын арттырамыз. Бүгінде сұраныстың аздығынан біз әзірге тәулігіне 1 мың тонна сары дәнді кептірумен ғана шектеліп отырмыз.

Келер жылдың жазында осы жерде тәулігіне 120 мың тонна ұн үгетін алып диірмен кешенінің құрылысы басталады. Нысанның пайда болуымен қазіргі 50 жұмысшының саны үш есе өседі. Аталмыш жоба индустриаландыру картасына енген.

Болат Абылқасов, “ИКЕА-ТАСС групп” ЖШС астық кептіргіші

– Қалталы азаматтардың арқасында муылымыз жылдан жылға гүлденіп келеді. Енді біз жастар осы кәсіпорындарда жемісті еңбек етіп, алтын бесік аулымыз бен елімізді одан сайын дамыту керекпіз.

Астық қабылдау қоймасының жанына ұзындығы 2,5 шақыры болатын темір жол тартылды. Бұл, өз кезегінде астықты өзге елдерге экспорттауға жол ашады. Компания бұл мақсатқа 1,5 млн. АҚШ долларын жұмсаған.

Берик Касен.