Спорт

“Мен чемпион” спорттық жобасы халықаралық деңгейде өтті

Евгений Сазанов – “Муниципалдық телеарна” ЖШС директоры

– Бұл жобаның тарихы 2002 жылдан бері басталған. Ол кезде сендердің аға-әпкелерің ойнаған болатын. Енді міне араға 12 жыл салып, “Нұр Отан” партиясының қолдауымен қайта жанданды. Бүгінгі ойында барлығыңа сәттілік.

Сөз соңында Евгений Сазанов барлық қатысушыларға «Мен чемпион» логотипі бар жейделерді табыс етті. Жетіншнші, сегізінші сынып оқушыларының арасында ұйымдастырылған ойында қатысушыларды 9 эстафета күтіп тұр. Барлық сынды бағындыру бүкілінің қолынан келмесі анық.

Галина Ярышева – БЭСТ гимназиясының дене тәрбиесі пәні мұғалімі

– Жарысты өткізуге барлық жағдай жасалған. Бүгінгі сында 9 эстафета болады. Атап айтсақ, кеглиді бір нүктеден екіншіге апару, дартс, капитандар сайысы және тағы да басқа жарыстар болады. Ойын талаптары бойынша әр командада 4 ұл мен 6 қыз бала болу керек.

Жалпы сайысқа түскелі тұрған барлық құрамалар жеңістен дәмелі. Бұл жарысқа дайындықтары да мықты екен.

Данил Пампур – БЭСТ гимназия құраамасының мүшесі

– Маған “Мен чемпион” спорттық ойыны өте ұнайды. Күзгі демалыста бізде алғашқы кезеңі өткен болатын. Онда жеңімпаз атандық, бүгінде бірінші орын алу керекпіз. Ол үшін мықтап дайындалдық.

Алғашқы сынның бірі кеглиді бір нүктеден екіншіге жылдам жеткізіп, эстафетаны беру болды. Жыламдықты талап еткен жарыста БЭСТ гимназиясының оқушылары жүйрік болды. Алдағы жарыстарды да БЭСТ құрамасы ешкімге дес бермей мықты атануда. Деседе, қалған қос құрамада олардан қалар емес.

“Мен чемпион” спорттық ойыны қызықты болғанымен, жеңіске жету оңай емес. Жарысқа қатысушы құрамаларды жанкүйерлерде қызу қолдауда.

– Мен “Достық” командасының жанкүйерімін. Өйткені бұл құрама біздің еліміздің тумаларынан жасақталған.

– Мұндағы халықтың барлығы жақсы, қонақжай. Маған өтіп жатқан ойын ұнайды. Ресейлік “Дружба” құрамасына қолдау көрсетіп отырмын. Олар бүгін жеңеді.

– Қазақстан командасы бірінші орын алады. Алға Қазақстан.

Сайыс қорытындысы бойынша “Дружба” командасы қола жүлдеге, “Достық” құрамасы күміс жүлдеге ие болды. Ал “БЭСТ” жеңімпаз атанды. Барлық жүлдегерлер дипломдармен марапатталып, мерекелік торттарға ие болды. Жалпы сайысқа алғаш рет қатысқан қала қонақтары мұндай шараға дән риза.

Гүлнәр Толқын – «Достық» құрамасының мүшесі

– Ойын өте қызықты, әрі тартысты өтті. Өзім алғаш рет қатыстым. Қаламызға барғанда дәл осындай жоба ұйымдастыруды қолға аламыз.

Риат Шони.