Билік

Қарашаның 28-і, Петропавлда «Кызылжар Инвест 2014» халықаралық форумы өтпек

Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

-Облыста 49-машина жасау зауыты бар. Болашақта өндірілетін өнімнің 50 пайыздан астамы қазақстандық болуы керек. Бізде бұл комбайндарды құрастыруға кажетті қосалқы бөлшектерді жасау мүмкіндігіміз жеткілікті.

Құрылыс зауыттары 1,5 -2 жылда тұрғызылмақ. Тегеурінді техникалар өз өңірімізде шығарылса, аймақ үшін өте қолайлы екені рас. Мысалы біздің аграрийлердің техникалары істен шығып қалса оған қажетті сайманды 4-аптаға дейін күтетін көрінеді. Егер өзімізде үлкен сервистік орталық болса қажеттінің бәрін сол жерден алар едік деді өз сөзінде өңір басшысы. Осылайша болашақта жыл сайын шет елден қыруар қаржыға алатын комбайндардың орнын отандық техникалар толықтырмақ. “SAMPO Rosenlew» компаниясы тек қана комбайн шығарып қоймай сол зауыттарда қызмет атқаратын маман даярлаумен айналыспақ.

Михаил Кулик- «SAMPO Rosenlew» компаниясының сату және маркетинг жөніндегі өңірлік директоры.

-Біз осындай форумға шақырту алғанымызға өте қуаныштымыз. Сіздердің өңірлеріңіздің әлеуеті баршылық. Жобамыз жүзеге асып, әріптестігіміз алға басады деген сенімдеміз.

Бұл комбайндар мысалы Джондирден 20-25 пайыз арзанға түспек. Австралиялық «Lluka Resources РЕЦОРС LTD компаниясы да біздің өңірмен әріптестік орнатпақ ниетте. Аталмыш компания “Казгеология” АҚ бірлесе Қостанай, Ақмола өңірлерінде мемлекеттік геологиялық кен орындарын зерттеу жұмыстарын жүзеге асырумен айналысады. Олар СҚО Титан мен Цирконий өндірмек.

Виктор Хьюго – «IIuka Resources LTD” компаниясының барлау және геология бөлімінің бас басқарушысы.

-Компаниямыз цирконий өндірісінің лидері. Одан бөлек Титан өндіруден де көш бастап келеміз. АҚШ, Австралия елдерінде жұмыс жасап жатырмыз. Ал, Бразилия, Шри-Ланка елдерінде Титан Цирконийдің кен орындарын анықтаумен айналысудамыз. Сіздермен де әріптестік қарым- қатынас орнатқымыз келеді.

Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

-Алдын ала тексерістерге сүйенсек біздің өңірде жалпы Республиканың цирконийнің 6-пайызы, Титанның 5-пайызы бар. Кен ошақтары әрине әлі анықталған жоқ. Сіздер бұл бағытта жұмыс атқарып жобаларыңыз іске асады деген ойдамын. Біз өз тарапымыздан көмегімізді аямаймыз.

Жалпы кен орнын іздеуге 7-жылдай уақыт кетеді дейді мамандар.

Көкеш Дөненбаев- «Hidrochaina Chengdu Corporation» өкілі.

 

-Біз компаниямызды әлемнің 60-елінде ұсынып отырмыз. Бізде 25-мыңнан астам адам қызмет атқарады. 4-бағыт бойынша жұмыс істейміз.

Біздің өңірде жел генераторларын орнату бойынша тәжірибе бар. Алдағы айда соның тағы 2-еуі қойылмақ. Облыс әкімі жиын соңында бүгінгі кездесу әріптестікті одан әрі нығайтуға, өңіріміздің инвестициялық әлеуетін арттыруға мүмкіндік беретініне сенетінін жеткізді.