Билік

Петропавлда Қазақстан орталық коммункациялар қызметінің көшпелі брифингі өтті

Сағындық Сәбитұлы – «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының меншікті тілшісі.

– Тайынша ауданында «Биохим» зауыты қоңыраулатып ашылып, көп ұзамай жабылып қалған болатын. Осы кәсіпорынның болашақ тағдары қандай?

Өңір жетекшісі Ерік Сұлтанов «Биохим» зауытының жұмысы келер жылдың бірінші жарты жылдығында жанданады дейді. Кәсіпорында болашақта биоэтанол мен он шақты өнім түрі өндірілетін болады.

Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

– Биохим кешенінің тоқтағанына 4 жылдау уақыт болды. Бұл өзі инновациялық кешен еді. Үкіметтің келісіміменен «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы қолға алып, Франция компаниясын жалдап, қазір техникаға аудит жасап жатыр.Техника аудит биыл желтоқсан айында аяқталады. Билхим кешенін келесі жылдың алғашқы жарты жылдығында іске қосамыз ба деп жоспарлап отырмыз.

Ал Қазақ радиосының Солтүстік Қазақстан облысындағы меншікті тілшісі Ербахыт Амантай өңір жетекшісіне облыстық маңызы бар жолдарды жөндеуге қатысты сұрағын қойыды. Себебі Елбасы кезекті жолдауында көлік логистика саласына жаңа дем берді.

Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

– Біздің жолдың қазіргі жағдайы нашарлау. 51 пайызын жөндеу керек. Сондықтан бұл мақсатқа бөлінетін қаражатты 50 пайызға көтеріп отырмыз. Сондықтан біздің жоспарымыз келер жылы 500-700 шақырымның арасын жөндеу. Осы жоспарды орындасақ, бес жылда біздің жергілікті жолдарды жөніне келтіруге болады деп ойлаймын.

Жалпы отырыс барысында журналистер тарапынан Жасыл экономикаға қатысты сұрақтар да жолданды.

Джакупов Самат.