Мәдениет

Михаил Лермонтовтың туғанына 200 жыл

Евгений Дудов – “ЛОРД” мектеп-лицейінің оқушысы

– Менің жүріс-тұрысым мен мінез-құлқым Михаил Лермонтовқа мүлдем ұқсамайды. Сол себепті де маған өзімді біраз даярлауға тура келді. Әрине, ақынның рөлін образға еніп, ойнап шығуға бар күш-жігерімді салдым.

Соңғы жылдары Михаил Лермонтовтың кешін ұйымдастыруды жергілікті университет оқытушылары мықтап қолға алған. Сондықтан жазушының 200 жылдығына арналған іс-шаралар алдағы уақытта да өткізілетін болады.

Светлана Романенко – М.Қозыбаев атындағы СҚМУ доценті, филология ғылымдарының кандидаты

– Осы жолғы шараны біздер әдеттегідей жиын ретінде өткізбей, жазушының бір күндік өмірін көрсеттік. Оның романы, повестері мен очерктері орыс әдебиетінің озық үлгілері болып саналады. Сондықтан өскелең ұрпақ жазушыны құрметтеп, үлгі тұтулары қажет.

Орыс ақыны Михаил Лермонтов – тұңғыш өлеңдері мен поэмаларын пансионда оқып жүргенде жазған. Оның шығармаларында сол кездегі шаруалар өмірі мен өзге халықтар тағдыры шынайы көрсетілген. Сондай-ақ Лермонтов орыс әдебиетінде Пушкиннің ізбасары ретінде танылды.

Бакыт Садуакасов.

Ең алдымен, кешке жиналғандар орыс жазушысының өмірі мен шығармашылғынан сыр шертер шағын бейнефильмді тамашалады. Кейін М.Қоызбаев атындағы СҚМУ студенттері сол кезеңді еске түсіретін қойылымды жұртшылық назарына ұсынды. Сахнадағы Михаил Лермонтовтың рөлін, 9 сынып оқушысы Евгений Дудов сомдауда. Оқушы ақынның образына ену үшін біраз тер төгуге тура келді, – деп отыр.