Мәдениет

ДДТ тобы өнер көрсетті

Қазақстанға ДДТ тобы бірнеше рет келген, алайда, Солтүстік Қазақстанда өнерлерін алғаш рет паш етіп отыр. Санкт-Петербург қаласының музыканттары кешті жаңа әндерін шырқаудан бастады.

Концертте бірнеше ән шырқалғаннан кейін, солтүстікқазақстандықтар Юрий Шевчуктың өнеріне тәнті болып, тік тұрып, қолпаштап жатты.

Жұлдызды топпен 40-қа жуық өнерпаз келген. Танымал ДДТ тобын Петропавл қаласындағы, “Партнер” концерттік агенттігі шақыртыпты.

Илья Березовский – “Партнер” концерттік агенттігінің басшысы, Қорған қаласы, РФ

 

– Петропавл шырайлы, жанға жайлы шаһар екен. Тұрғындары мейірімді. Алдағы уақытта да қызықты бағдарламалармен келіп, көрерменге ұсынбақпыз. Балаларға арналағн мейрамдар мен театралды қойылымдар да болады.

Солтүстікқазақстандықтар ДДТ тобымен қоштасқысы келмеді. Сондықтан рок музыканттарынан көрермендер ескі әндерді шырқауларын сұрады. Сөйтіп, сахна төрінде “Осень”, «Это все что останется после меня», «Последняя осень», «Родина» сынды шығармалар орындалды.

Ресейлік музыканттар айтқанындай, уәделерінде тұрып теріскейліктерге мазмұнға толы кешімен ұмытылмас әсер қалдырды. Жоғарғы деңгейде өткен концерттен жерлестеріміз жақсы әсер алғандарын айтады.

–  ДДТ тобын 15 жасымнан бастап тыңдаймын. Олардың біздің қаламызға келгеніне мен өте қуаныштымын.

– Маған өте ұнады. Осындай концерттер жиірек болса ғой.

– Біз олармен қосылып ән айттық. Тамағымыз да қарлығып қалды.

Сагыныш Маркашева.