Әр түрлі

Ресей рок-музыканттары өңірде концерт берді

Десе де, солтүстікқазақстандлықтарға ұмытылмас әсер қалдыруға тырысамыз дейді.

Юрий Шевчук, ресейлік рок-музыкант, ақын, композитор.

-Біз әрқашан өз сөзімізде тұрамыз. Қазір бір музыкантымыз ауырып тұр, бірақ біз сылтау іздемей осы қалаға келіп отырмыз. Сөз беремін / концерт жақсы деңгейде өтеді. Сіздерге көрсетер жаңалықтарымыз жетерлік.

Осы тұста журналистер мүмкіндікті қалт жібермей, топ жетекшісі Юрий Шевчуктен саясатқа көзқарасы мен жеке өмірі жайлы сұрап білді. Осы ұжымда Юрий Шевчуктен басқасының бәрі ДДТ тобына жаңадан қосылған жас рок-музыканттар екен. Сұхбат барысында олардың ойы бір жерден шығатыны байқалды. Композитор әріптестерін сол үшін бағалайтын көрінеді.

Юрий Шевчук, ресейлік рок-музыкант, ақын, композитор.

-Біздің топ 30 жыл бұрын құрылды. ДДТ көрерменнің талғамына әрдайым сай болу үшін құрамын жаңартып отырады. Қазір біз ұжымға заман талабына сай музыканы жақсы түсінетін жас дарындарды алдық. Кейбірі әртістік салада оқыған.

Аталмыш топ биыл мамыр айында “ДДТ” аталатын жаңа альбомды жарыққа шығарған. Жинаққа 14 ән енген. Бастысы олар шығармашылықпен айналысқанда еркіндікті қалайды.

Ресейлік топ бүгін “Метро” ойын-сауық кешені сахнасында өнер көрсетпек.

 

Берик Касен.