МТРА жаңалықтары

Қазақстан мен Ресейлік оқушылардың кездесуі

Ингуштар, армяндар, татар мен шешендер және корейлер. Жергілікті оқушылар аталған халықтардың әр қайсының салт-дәстүрін, ұстанымын, ұлттық киімдерін қонақтарға ерекше көрсете білді.

Бүгінгі шарада еліміздің көп ұлтты мемлекет екендігі және түрлі ұлыс өкілдерінің бір шаңырақ астында достық қарым қатынаста тұрып жатқандығы көрініс тапты. Форум бір күнге шақталса да, оқушылар бір-бірімен достасып үлгерді.

Аида Бақытжан, халықаралық кездесудің қатысушысы, Көкшетау қаласы.

-Бізді мұнда жақсы қарсы алды. Көп қызықты ойындар ойнадық.

Анжелика Алтухова, халықаралық кездесудің қатысушысы, Түмен облысы.

-Петропавлға алғашқы келуім. Маған қатты ұнады. Мектептің басшылығына алғысымды білдіремін. Бізді құшақ жая қарсы алып, шараны ерекше етіп ұйымдастырыпты.

Айта кету керек елімізде өзге ұлттың өкілдерін өз тілінде оқытатын екі мектеп қана бар. Бірі-Павлодарда болса, екіншісі осы білім беру ошағы. Мұнда бүгінгі күні 850-ге жуық оқушы білім алады. Олардың 200-ден астамы өзге мектептерден келіп, ұлттық бөлімшелерде оқиды.

Қорлан Жайсенбаева, №17 ұлттық өркендеу орта мектеп-кешенінің директоры.

-Біздің мектепке өзге мектеп оқушылары қонаққа келді. Бар мүмкіншілігімізді көрсетуге тырысамыз.

Кездесу соңында қонақтар дөңгелек үстелде басына жиналды. Отырысқа Қазақстандағы ұлтаралық келісімнің тұрақты дамуы арқау болды.

 

 

Бану Ахметова.