Мәдениет

Облыстық филармонияның өнерпаздары концерт өткізді

Мирас Баянов – Облыстық филармонияның эстрада-симфониялық оркестрінің әншісі.

-Мен өзім кішкентай кезімнен бастап ән айтып жүрмін. Бүгін Президент күні қарсаңында ұйымдастырылған коцертте испан тіліндегі туындыны тарту еттім. Келген көрермендердің санында есеп жоқ. Бұл біз үшін, әрине қуантарлық жайт.

Жас өнерпаз көрермендер алдында испандық композитор Андреа Бочеллидің “Pero Te Extra no” атты өлеңін шырқап, жерлестерімізді бір марқайтты.

Сахна төрінде эстрада-симфониялық оркестр, “ЛаСкала” дуэті, “Мелос” тобы мен “Туған жер”, “Әдемау”, “Қызылжар” би ұжымдары өз өнерлерін ортаға салды.

Мұхит Ахметов – Облыстық филармонияның көркемдік жетекшісі.

-Бүгінгі таңда, Облыстық Филармонияның шығармашылық ұжымдары, Президент күні қарсаңында концерт ұйымдастырды. Кеш барысында Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзіне жазылған әндер шырқалды. Бір сөзбен айтқанда, барлық концерттік бағдарлама патриоттық бағытта.

Әртістердің өнеріне тәнті болған теріскей халқы осындай әсем кештер жиі болып тұрса дейді.


 

Сагыныш Маркашева.