Мәдениет

Облыс орталығындағы өнер колледжінің ұстаздары мен шәкірттері көрме ұйымдастырды

Жібек Жүзенова – облыстық бейнелеу өнері мұражайының қызметкері.

-Бұл жерде соңғы екі жыл ішінде студенттермен жасалған сол білім ордасының суретші педагогтары жасаған туындылар қойылды. Қойылған туындылардың мәнер жағынан да стилистика жағынан да, орындау техникасы жағынан да жан-жақты түрлендірілген. Кескіндеме мен графика суреттелген, ол акварель, пастель, гуашь техникасы жақсы көрсетілген.

Көрмеге суреттерді қоймас бұрын, білім ордасының оқытушылары өз араларында таңдау жасапты. Сол себепті, мұнда тек ең үздік туындыларға орын берілген дейді өнер клледжінің ұстазы Руслан Абдрафиков.

Руслан Абдрафиков – Өнер колледжі-музыкалық-эстетикалық бейіміндегі дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернат кешенінің оқытушысы .

-Бұл біздің алғашқы көрмеміз емес. Оқу орнының өткен жылы да жоғары және орта оқу орнының студенттері арасындағы көрмеге қатысқан болатын. Студенттердің әрқайсысы өз жұмысын шебер орындап шықты десем болады. Сондықтан, көрме келушілердің көңілінен шығатынына сенімдімін.

Көрме салтанатты түрде өткен аптада ашылған болатын. Бүгін колледж студенттері үшін оңай соқпасы анық. Өйткені, қылқалам иелерінің әрқайсысы өз туындыларын осында аттестациялық коммисия алдында қорғамақ. Әйгерім Теңдік көрмеге 3 картинасын ұсынып отыр.

Әйгерім Теңдік – студент.

-Жазғы демалыстан кейін біз осы жұмысты бастадық. Бұның жанры – пейзаж. Өзім осы жанрда өзімді жақсы сезінемін. Сондықтан маған бұл жұмысты жасау қиын болған жоқ.

Жалпы бұл жолы көрермендер назарына түрлі жанрдағы 50-ге жуық туынды ұсынылды.

 

 

 

Бакыт Садуакасов.