Қоғам

Тұңғыш президент күні қарсаңында журналситердің еңбегі еленді

Әкетай Мұратғали, СҚО сотының төрағасы.

-Еліміздің дамуын халық елбасымыз Н.Назарбаевтың есімімен байланыстырады. Қазақстанның осындай жетістіктерге қол жеткізуін елбасының ерен еңбегініңарқасы деп білеміз.

Облысымыздағы сот қызметкерлері мемлекет тарапынан үлкен қолдауды сезініп отырмыз. Жұмыс істеуге барлық жағдай жасалған дейді олар. Мұның бір дәлелі – биылғы жылдың жазында өңіріміздің бірқатар судьяларына пәтерлер берілді. Баспаналы болғандардың ішінде жас судьялар да бар.

Асламбек Көшенов, Петропавл қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы.

-Мен жас судья болсам да, өзге судьялар сияқты елбасының қамқорлығының арқасында 5 бөлмелі пәтер алдым. Бүгінгі күні СҚО судьялардың сот төралығын атқару үшін барлық жағдай жасалынған.

Бұл күні ағымдағы жылдың басында БАҚ арасында жарияланған байқаудың қорытындылары шығарылды. Сөйтіп, бүгін сот жүйесінің мәртебесін арттырып, судьялардың әділ жұмысын халыққа жеткізе білген журналистер қауымының еңбегі еленді. Байқаудың қорытындысы бойынша қаламы ұшқыр тілшілер екі аталым бойынша марапатталды. Алғашқы “Үздік телевизиялық жұмыс” номинациясында қос бірінші орынды “24 кз” телеарнасының меншікті тілшілері Нүргүл Ахметова мен Айдарбек Балғабеков иемденді. Аталған арнаның тілшілері облыстық судьялардың қатысуымен 6 бірдей бағдарлама жасапты. Олар мереке қарсаңында еңбектерінің еленгеніне ризашылықтарын білдірді.

Айдарбек Балғабеков, “24 kz” республикалық телеарнасының меншікті тілшісі.

-Сот жүйесі соңғы жылдары жаңа деңгейге көтерілді. Материалдық-техникалық базасы жаңарып жатыр. Судьялар да баспаналы болып жатыр. Мұның барлығы сіздердің жұмыстарыңызды жандандырып, сіздерге деген халықтың сенімін арттырып отыр.

Байдауда “Муниципалдық телеарна” ұжымының да еңбегі бағаланды

Сондай-ақ үшінші орынға “КТК” каналының меншікті тілшісі Гүлмира Тасболатқызы да лайық деп табылды. Журналистке ноутбук табыс етілді.

Гүлмира Тасболатқызы, “КТК” телеарнасының меншікті тілшісі.

-Облыстық сот соңғы кездері айтарлықтай біраз жетістіктерге жетті деп ойлаймын. Өйткені, мына қоғам мен өздерінің жұмыстары арасында біз алтын көпірміз. Осы көпірмен жақсы жүріп келе жатқан сияқтымыз.

Екінші “Үздік баспасөз материалдары” ноцинациясында облысымыздағы бірқатар газеттердің журналистері марапатталды. Бірінші орынды “Юридическая газета”, екінші орынды “Северный-Казахстан” және “Солтүстік Қазақстан” бөліссе, үшінші орын “Квартал” газеттерінің тілшілеріне бұйырды.

Сондай-ақ, ылталандыру сыйлықтары да өз иелерін тапты.

 

 

Бану Ахметова.