МТРА жаңалықтары

Спортқа дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернатында патриотизм сабақтары өткізілді

Нұрдаулет Бейбіт – облыстық спортқа дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернатының тәрбиеленушісі.

-Бұндай ерлік сабақтары әрбір спорт-мектептеріне керек деп ойлаймын. Себебі, бұл шаралар баланың патриот болуына және отансүйгіштікке баулуға септеседі. Мәселен, түрлі жарыстарда еліміздің туы желбіреген сәтте менде сеніміділік сезімі пайда болады.

Ал Ербол Отарбаев 2010 жылы Ақтаудағы қатаң тәртiптегi колонияда әскери қызметін өтеген болатын. Сол жылы 22 маусымда түзету мекемесінен бiр топ қылмыскер қашқан болатын. Ербол қарбалас уақытта иығынан жараланса да, 21 қауіпті тұтқынның үшеуінің көзін жоя алды.

Ербол Отарбаев – ҚР Ұлттық Ұланы әскери институтының курсанты.

-Спорт-интернатына ерлік сабағын өткізуге келіп отырмыз. Бұл шараны 11-сынып оқушыларына ұйымдастырып, оларды отансүйгіштікке үйретуді мақсат етіп отырмыз. Себебі, болашақта осы жастар, еліміздің тірегін қорғайтын болады.

Тыңдаушылардың қатарында болашақ түлектер мен отан қорғаушылар. Кездесу барысында, ұстаздар туған жер, атақ, абырой жөнінде сөз етті.

Өтебай Қалжанов – облыстық спортқа дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернатының алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі.

-Отан отбасынан басталады деп, қазақ халқы бекер айтпаған. Өмірге келген адамдарда патриоттық сезім тез келе қалмайды. Біз қазақстандықтарды отансүйгіштікке үйретуіміз керек. Парасатты қоғам құру, балаларымыздың тәрбиесін қалыптастыру біздің парызымыз.

Өнегелi iсімен кiшiге үлгi болар азамат қаланың өзге де бiлiм ошақтарын аралап, бейбiт заманда ғұмыр кешiп жатқан бақытты ұландармен кездеспек.


 

 

Сагыныш Маркашева.