Қоғам

“Кондоминимум объектісін басқару бойынша үздік ұйым” республикалық байқауынан жерлесіміз жүлделі оралды

Владимир Айперт – “Чайковского 21” ПИК төрағасы.

-Бұл конкурсқа қатысқанда мен үйдің және де ауланың фотосуреттерін ала бардым. Арнайы коммиссия оны қарап, ақтық сынға өткізді. Алайда алғашқы орындарға іліккен жоқпын. Десе де, байқаудан көпфункционалды принтермен оралдық.

40 жылдық тарихы бар 5 қабатты баспана 2012 жылы мемлекеттік “Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту” бағдарламасының қатысушысы атанған. Осы уақытқа дейін тұрғындар үйдің шатырын ауыстырып, подъездердегі әйнектерді жаңғыртқан.

Екатерина Маслова – “Чайковского 21” ПИК төрағасының орынбасары.

-Бұл үйде тұратын тұрғындардың барлығы жақсы адамдар. Әсіресе, қарттар ауланы таза ұстауда, оны ажарлауда белсенділік танытады. Барлығы жақсы болғанымен, аулада автокөлік тұрағы мен балалар ауласы жоқ. Алда осы мәселе шешімін тапса жақсы болар еді.

“Чайковского 21” пәтер иелері коопертиві төрағасының алдағы жоспары ауқымды. Келер жылы Владимир Айперт бірінші кезекте, балалар ауласын салғызуға тапсырыс бермекші.

 

 

Риат Шони.