Қоғам

“Елбасы- ел тірегі” қалалық байқауының қорытындысы жарияланды

Бақытжан Сәмиева – СҚО іскер әйелдері қауымдастығының төрайымы.

-Бүгін біз тұңғыш Президентіміздің күніне орайластырылған “Елбасы – ел тірегі” байқауының қорытындысын шығарамыз. Бұл сайысты Петропавл қаласының әкімдігімен бірігіп ұйымдастырған едік. Жалпы, додаға қаламыздың барлық мектептері қатысты. Сайыс барысында, оқушылар Елбасы туралы шығармалар жазып, түрлі фотосуреттер, фильмдерді ұсынды.

40-қа тарта жас дарынның арасында Алина Азмухаметова да бар. Ол, бұндай сайысқа алғаш рет қатысуда. Байқауға 10-сынып оқушысы Президент туралы бейнебаян дайындапты.

Алина Азмухаметова – №21 орта мектебінің 10 сынып оқушысы.

-Мен бұл сайысқа Президент туралы жасалған фильмді ұсындым. Бұл бейнебаян елбасымыздың жұмысы, басқа елдермен арақатынасы және еліміздің бас қаласы Астана туралы. Аталмыш жобаны мен интернеттегі мәліметтердің көмегімен әзірледім. Жалпы, осы додаға қатысқаныма өте қуаныштымын.

“Елбасы – ел тірегі” байқауы 5 номинация бойынша ұйымдастырылды. “Электрондық жоба” аталымында бірінші орынды №42 орта мектебінің 8 сынып оқушысы Маргарита Ворихно еншілесе, ал, “Шығармалар” аталымында Вероника Ларионова үздік атанды. Енді жеңіске жеткен балалар еліміздің бас қаласы – Астанаға саяхатқа аттанбақ.

 

 

 

Сагыныш Маркашева.