Өнеркәсіп

Өңірдегі өндіріс орындары инвесторлар форумынан үлкен үміт күтеді

Асхат Исенов – “Ауыл шаруашылығы техникалары зауыты” ЖШС директоры.

-Облыс орталығында қарашаның 28-і күні өтетін инвестициялық форумның өңірдегі зауыттар мен кәсіпорындар үшін маңызы зор. Неге десеңіз, бұл жиында біздің зауыт шетелдік компаниялармен ортақ келісімге отырмақ. Нәтижесінде, келер жылдан бастап кәсіпорын күрделі жөндеуден өтіп, жаңадан өндіріс орнына қажетті құрал-саймандар сатып алынады.

Бүгінде кәсіпорын еңсесін тіктеп, жұмысына қарқын қосқан. Әзірге, “Ауыл шаруашылығы техникалары зауыты” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тендер бойынша жұмыс жасап келеді. Өнімдерінің көп бөлігі “Қазақстан темір жолы” АҚ тапсырысы бойынша дайындалуда.

Асхат Исенов – “Ауыл шаруашылығы техникалары зауыты” ЖШС директоры.

-Қазіргі уақытта “Ауыл шаруашылығы техникалары зауыты” темір-жол саласына қажетті бөлшектер шығарады. Дайындаған жабдықтарымыздың біраз бөлігін Алматы мен Екібастұз қалаларына жібереміз.

Жоба сәтті іске асса облыста финдық комбайндар шығарылмақ. Оған қоса, ауыл шаруашылығы техникаларына қажетті қосалқы бөлшектерді де өндіру қолға алынбақ.

 

 

 

Бакыт Садуакасов.