Құқық қорғау органдары

Облыстық ІІД жанынан құрылған қоғамдық кеңестің отырысы өтті

Өміржан Рахимберлинов, СҚО ІІД өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығы.

-Ағымдағы жылдың басынан қылмыс жасағаны үшін өңірдің 8 полицейіне қатысты 14 қылмыстық іс қозғалды. Оның 12-сі жемқорлыққа байланысты. Сондай-ақ, ІІД-нің 17 қызметкері жұмыс барысында “Жемқорлыққа қарсы күрес” заңнамасындағы талаптарды орындамаған.

Осыған дейін жемқорлыққа жол беріп, ІІО-на кір келтіргендер қызметінен босатылып, жұмыстан шығарылған. Бірақ, бұл өзгелеріне сабақ болмай тұр. Өңіріміздің бас полицейі Берік Біләлов қоғамдық дертті тыю үшін жемқорлыққа қарсы күрес шараларын мектептерде, университет пен әскерде де күшейту керек деді.

Өміржан Рахимберлинов, СҚО ІІД өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығы.

-Жолдағы келеңсіздіктерге жол бермеу мақсатында ІІД мен жол-патрульдік полиция қызметкерлері жыл басынан 164 рейд өткізді. Нәтижесінде түрлі бағыттағы 152 құқықбұзушылық анықталды. 1 қызметкер жолда пара алды. 75 тәртіп сақшысы жол қауіпсіздік ережесін бұзған. Олар әкімішілік және тәртіптік жауапкершілікке тартылды. 6 адам жұмыстан шығарылды. 2-уі лауазымынан босатылды.

Жиын қорытындысы бойынша ІІД жанындағы қоғамдық кеңестің төрағасы Жасұлан Ахметов пара алған тәртіп сақшыларын жауапқа тартып, қоғамдық талқыға салу керек деген ұсынысын айтты.

Жасұлан Ахметов, қалалық мәслихат депутаты, ІІД жанындағы қоғамдық кеңестің төрағасы.

-ІІО-нында жемқорлыққа қарсы күрес шараларын күшейту үшін қоғамдық орындарға, жолдарға, полиция бекеттерінің іші-сыртына бейне камералар орнату керек. Ол тәртіп сақшыларының күнделікті жұмысын қадағалап отыру үшін қажет. Және полицейлердің жұмысы жайлы тұрғындардан жиі сауалнама жинап тұру керек. Жемқорлық жайлы БАҚ-да көбірек айтылса. Міне, сонда заң бұзушылықтар аз болады.

 

 

Берик Касен.