Қоғам

Облыстық ардагерлер кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті

Ескендір Елеусізов – Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы.

-Қазақстан әлемдік дағдарыстың алдын алуда. Оған дәлел Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің кезекті жолдауында тұрақсыздық кезінде елдің экономикасын дамытуға бағытталған бірқатар бағдарламаларды бекітті. Президент жолдауда 7 бағытқа айрықша тоқталды. Осы тапсырмаларды жүзеге асыруда ардагерлер қауымы аянбай еңбектенетінін сеніммен айта аламын.

Жиын барсында «Мүгедектермен қарттарды қолдау» айлығының қортындысы жарияланды. Айта кету керек бүгінгі күні облыста 96 мың зейнеткер, және 28 мыңға жуық кембағал жан бар. Оларға акция аясында ерекше назар аударылды. Яғни 168 миллион теңгеге материалдық көмек көрсетілген.

Анатолий Корабельников – Облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары.

-Үстіміздегі жылдың 13-ші қыркүйегінде облыста дәстүрлі түрде қайырымдылық сенбілігі өтті. Оған өңірден 92 мыңнан астам азамат қатысқан болатын. Осы сенбіліктен 67 миллион теңгеден астам қаражат түсті. Ал 1-ші қазанмен 1- ші қараша аралығында өңірде мүгедектер мен қарттарды қолдау айлығы өтті. Айтулы шараға байланысты өңірде бірнеше шара ұйымдастырылды. Айта кету керек 2143 жалғыз басты зейнеткермен жарым жанға жалпы сомасы 12 миллион теңгеге материалдық көмек көрсетілді.

Бұл жұмыстар барлық аудандарда тиісті деңгейде ұйымдастырылды. Жалпы айлық аясында 3858 ардагерге еріктілер түрлі көмек көрсетті. Сондай-ақ акция аясында аға буын өкілдеріне концерттік бағдарламалар да ұсынылды.

Валентина Редькина – Есіл аудандық ардагерлер кеңесінің төрайымы.

-Жолдау жүктеген тапсырмаларды негізінен Жастар жүзеге асыратын болады. Ал оларға тәлім – тәрбиені кімдер беру керек? Патриотты жастарды даярлау яғни біздің міндетіміз. Осы орайда Есіл ауданында ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қазір ауданда 16 соғыс, және мыңнан асстам тыл ардагері бар. Осы аға буын өкілдері жастармен әрдайым кездесу өткізуде. Онда қарт азаматтар өмірлік тәжірбиелерімен бөліседі.

Жиын соңында облыстық ардагерлер кеңесінің құрметті кітабына енгізуге ылайықты 4 азаматтың кандидатурасы талқыланды. Сондай-ақ кітапқа бастауыш ардагерлер ұйымын енгізу мәселесі де қаралды.

 

 

 

Самат Джакупов.