Ауыл шаруашылығы

Жыл басынан бері СҚО-на шетелден 16 711 бас ірі қара сатып алынды

Александр Зиберт, “ЖНВ” ЖШС директорының мал шаруашылығы жөніндегі орынбасары

 

-Сиырдың таза салмағы 580 келі. Одан туылған бұзауы 32-40 келі тартады. Төл 7-8 айдың ішінде 240 келіге дейін салмақ қосады. Бұл малдарға екпе жасалды. Арнайы сертификаты бар.

Берік Әлжанов, СҚО ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім жетекшісі.

-Бұл тұқым біздің ауа-райына өте төзімді. Әрі етінің сапасы жақсы. Еттің шығымы 63-64 пайызды құрайды. Қазіргі уақытта “ЖНВ” серіктестігінде лимузин тұқымы бойынша асыл тұқымды репродуктор құрылады.

“ЖНВ” ЖШС осыдан 11 жыл бұрын құрылған. Мекемеде 53 адам қысы-жазы қызмет етеді. Серіктестік бүгінде сүтті бағыттағы ірі қараның басын көбейтумен айналысуда. 4 жыл бұрын мұндағылар 50 бас қазақтың ақ бас сиыры мен 80 бас әулиекөл тұқымын сатып алған. Айналдырған 3-4 жылдың ішінде малдың саны 500-ден асты. Зеңгі баба төліне арналып қысқы мезгілге азық молынан жиналған. Оның 200 тоннасы пішендеме, 500 тоннасы сүрленген шөп. Серіктестік биыл шілде айында шұжық, тұшпара әзірлейтін жаңа цехты іске қосты. Одан шығарылған өнімнің барлығы М.Жұмабаев ауданының елді-мекендеріне саудаланады. Жалпы жыл басынан облысымызда ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту мақсатында өңірімізге 16 711 бас ірі қара сатып алынды.

Берік Әлжанов, СҚО ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім жетекшісі.

-Өңірде 400 бас ангус, герефордтар өсірілетін 2 асыл тұқымдық репродуктор жасақталды. Оның бірі “Приимшиский” агро фирмасы болса, екіншісі “Намыс” ЖШС-де. Жыл басынан “Сыбаға” бағдарламасымен өңірдегі агроқұрылымдарға 2329 бас ірі қара сатып алды. Облыс бойынша 595 тонна ет экспотқа жіберілді.

“ЖНВ” ЖШС мал санын арттырумен қатар өсімдік шаруашылығымен айналысады.

Александр Мищенко, “ЖНВ” ЖШС өсімдік шаруашылығы бойынша бас агрономы.

-Бүгінгі күнде “ЖНВ” серіктестігінде 10 мың 569 Га егістік алқап бар. Биыл 9 мың гектарына бидай, 1000 гектарына күнбағыс пен зығыр дәнін ектік. Бүгінде егіннің 242 мың тоннасын бастырып алдық. Келесі жылға тұқым қоры жиналды. Қазір қалғанын кептіріп, сатып жатырмыз. Өнімнің ылғалдығы өте жоғары. Шамамен 30 пайызды құрайды. Сондықтан астықты 3 рет кептіргіштен өткізуге мәжбүрміз.

Бас агрономның сөзіне сенсек, биыл олар гектарынан орташа есеппен алғанда 26 центнер өнім жинаған.

 

 

 

Берик Касен.