Мәдениет

“Sensitive” балдық би ансамблі Ресей халқын тәнті қылды

Ирина Кузьмина – Евгений Кузьминнің анасы.

-Ұлым «Sensitive» ансамблінің құрамында ғана билеп қоймай, жұптасып та биледі. Ол өзінің жұбы Динарамен бірге жеңіске жетті. Мен өте қуаныштымын.

Көп ұзамай Петропавл станциясына “Мәскеу-Петропавл” бағытындағы пойыз келіп тоқтады. №16-шы вагоннан мойындарына медаль асынып, қолдарына дипломдарын ұстаған “Sensitive” би ансамблінің әртістері түсуде. Жерлестерін күтіп тұрған теріскейліктер оларды құттықтап, гүл шоқтарын табыстауда.

Ольга Ростовщикова – «Sensitive» балдық би ансамблінің жетекшісі.

-Біз осындай жетістікке қол жеткізгенімізге өте қуаныштымыз. Келесі жылы тағы да байқауға қатысуға шақырды. Бізді қолдаған спорт басқармасына алғыс білдіргім келеді.

Мәскеуде өткен Inclusive Dance фестивалінде жерлестеріміз спорттық және балдық биден ресейліктерді тәнті қылған. Былтырғы Болгария елінде өткен “Солнечный танец” фестиваль байқауында жеңімпаз атанған “Sensitive” би ансамблінің әртістерін бұл жолы да үздік деп таныды. Көрші елде өткен байқауда ұжымның екі жұбы бірінші және де үшінші орындарға ие болған.

Павел Ткаченко – «Sensitive» балдық би ансамблінің мүшесі.

-Байқауда барлығы қызық болды, билердің түр-түрі қарастырылды. Маған ұнады.

Екатерина Чуб – «Sensitive» балдық би ансамблінің мүшесі.

-Сайыстың алғашқы күнінде тангодан сынға түсіп, екінші орынға ие болдық. Ал екінші күні жұптасып билеп, жеңімпаз атандық. Басқа елдерден келген бишілер мықты болды, әсіресе, Өзбекстандықтар.

Өнер ұжымының алдағы жоспары ауқымды. «Sensitive» балдық би ансамблі келер жылдың жаз айында Испанияда өтетін байқауға аттанбақ.

 

 

Риат Шони.