Мәдениет

Петропавлға Ресей мен АҚШ елінің әйгілі опера әншілері келді

Антон Новиков – “Әлем таланттары” қорының директоры.

-Бүгін қызылжарлық көрермендерге опереттаның арийлері, қалалық романстар ұсынылуда. Бұл кеште шырқалған барлық әндер, махаббатқа арналған. Мәселен, кеш барысында әйгілі “Бессаме мучо” туындысын қарастырдық. Бұл өлеңді 16 жасар қыз Тынық мұхитының жағасында отырып жазған.

Бұл кештің жұлдызы – Алехандро Олмедо. Ол теріскейге бірнеше рет келіп, көрермендердің көзайымына айналған. Мексикандық әнші, Джузеппе Вердидің “Трубадур” операсынан алынған арийін шырқады.

Сонымен қатар, мексикандық әнші сахнада орыс тіліндегі туындыларды да тарту етті. Оның айтуынша, бөтен тілді меңгеру өте қиын. Бірақ, әйгілі тенор орыс және қазақ тілін үйренуді жоспарлап отыр.

Алехандро Олмедо – Метрополитен опера театрының солисі Нью-Йорк, США.

-Теріскейлік көрермендер маған өте ұнады. Олар концерттен кейін әрдайым келіп, фото суретке түсіп отырады. Көрермендерге менің орыс тілде шырқаған әндерім де ұнайды екен.

Сөйтіп, опера әншілері өнерден сусап жүрген талай теріскейлікті таңдай қақтырды.

Енді “Әлем таланттары” қорының әншілері Қазақстан бойынща гастрольдік турын әрі қарай жалғастырмақ. Сонымен қатар, аталмыш концерттік бағдарламамен Ресей еліне де баруды жоспарлап отыр.

 

 

Сагыныш Маркашева.