Бизнес және экономика

Алкогольді ішімдіктердің сапасы

Евгений Заводчиков, “Раимбек Ботлерс” ЖШС өңірлік сауда өкілі.

-Көбіне Қазақстанның нарығында жасанды маркалы бәріне танымал Декс Дениэл вискиін кездестіруге болады. Бұл алкогольдік ішімдікті сауда нүктелерінен көптеп кездестіруге болады. Сондай-ақ, жасанды Бакартни ромы да сатылуда. Олар көбіне, Ресейден жеткізілуде. Және оның құраманда аталған елдің акцизі кездеседі. Бағалары болса 2-3 есе арзан. Мәселен вискідің бір бөтелкесі 5 мың тұрса, жасандысы небары 1500 теңгегетұрады.

Алкогольдік өнімдердің сапасы, оны сатуды шектеу мәселелері тақырыбында өткен жиында ішімдіктерді айналымға шығаруға байланысты заңға толықтырулар енгізілуде. Аталған жоба жаңа жылда күшіне енбек. Содан соң, аталмыш өнімдерді қоғамдық орындарда, денсаулық сақтау мекемелерінің маңайында, спорттық нысандардың жанында, сауда базарларда сатуға тыйым салынбақ.

Ұланбек Нұрманов, СҚО кәсіпкерлер палатасының сарапшысы.

-Дөңгел үстелдің мақсаты тек кәсіпкерлерге заңды ақпараттандырып қоймай, олардың құқықтарын қорғап, заң бұзушылықтардың алдын алу болып табылады.

Дөңгелек үстелді ұйымдастырушылар кәсіпкерлердің ойын тыңдап, ұлттық палатаға нәтижесін жібереміз дейді.

 

 

 

Бану Ахметова.